Жыл соңына дейін «Протон» зымыраны бірнеше мәрте ұшырылады

3
1161

Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон-М» қауіпті деп саналатын зымырантасығышы ұшырылған болатын. Бұған дейін осындай зымыран көктен құлап, ауамызды улаған болатын. Жыл соңына дейін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 5-6 «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылады.  ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков бұл жайында келесіні айтты: «Жоспар бойынша 15 «Протон» зымыран-тасығышы ұшырылуы тиіс болатын. Солардың 6-уы ұшырылды. 6-шы зымыран-тасығышты ұшыру кезінде апат болды. Қалған 9-ын жылдың аяғына дейін ұшырып үлгере алмайды. Сондықтан, 5-6 зымыран тасығыш ұшырылатын шығар».

«Протон-М» зымыран тасығышын ұшыруды толығымен тоқтату үшін кем дегенде 10 жыл қажет.  «2004 жылы мемлекетаралық келісімге қол қойылған болатын. Сол келісімнің негізгі мақсаты – жаңа «Бәйтерек» ҒЗК жасап, оны ұшыру арқылы «Протонды» ұшыруды толығымен тоқтату еді. Бірақ, «Ангар» зымыран тасығышының негізіндегі жаңа кешен іске қосылу мәелесі созылып кетті, өйткені Ресейдің техникасы уақытылы жасалынбай қалды. Сондықтан, ол жобаны біз 85-ші жылдан бері ұшып жүрген, мүмкіндіктері толық тексерілген «Зенит» зымыран тасығышына ауыстырдық», – деді М.Молдабеков.
Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасы орынбасарының айтуынша, «Зенит» зымыран тасығыштары алдағы 2-3 жыл уақыт ішінде ұшырыла бастамақ.

«Зенитті» ұшыру арқылы «Протонды» ұшыруды тоқтатамыз. Ал басқа зымыранды ұшырмай жатып, «Протонға» тыйым салсақ, бұл «Байқоңырды» жабу деген сөз», – деп тодықтырды ол.

Оның айтуынша, «Протон-М» зымыран тасығыштарының ұшырылуын толығымен тоқтату үшін біршама уақыт қажет.

«Бұл мәселені қызбалыққа салмай, жақсылап ойланып шешу керек. Ол шешім екі  ел арасындағы келісімде жазылып қойған. Бірте-бірте «Протонның» орнына зиянды отындарды пайдаланбайтын «Зенит» зымыран тасығышына көшіп, зияны жоқ зымыранды ұшыратын боламыз. Бұған кем дегенде 10 жылдай уақыт керек», – деп түйіндеді ол.

bnews.kz

3 ПІКІРЛЕР

  1. 2007 жылы Жезқазған маңына Протон құлап, гептил төгілгенде, Ресейдің «Химиялық қауыпсіздік үшін» одағының президенті профессор Лев Федоров: «….аз-маз ақшаға бола, Протон ұшыруға келісіп, қазақтар оңбай ұтылды»,оның зардабын ешкім өлшей алмайды деп еді («МК в Казахстане «12-19.09.2007).Датчигін дұрыс орнатпағандықтан 02.07.13 Протон тағы құлады (600 тонна гептилімен). Келесі жолы Астанаға құлатуымыз ғана қалды.1957 жылдан бері сепкен гептилін геноцид деуіміз керек.Халықаралық сотқа жүгінуіміз керек
    Уәж айту

  2. Соғыспай- ақ қазақ халқының жартысын аштықпен қырып тастау,бас көтерер зиялыларын мезгіл мезгіл құртып отыру, жерімізді атом сынақ аумағына айналдырып,гептильмен уландыруды осы күнге дейін жалғастырып тұқымымызды аздыру,орыстандыру саясатын жалғастыру қай елддің тарихында бар?

  3. 16-қыркүйек,2013 жыл, сағат 19.30″ Россия 24″ теледидары. 2010-2013 жылдары Байқоңырдан 103 космостық ұшырулар болған,оның 8 і сәтсіздікке ұшыраған.Ресейдің Минфині қаржыландыруды жылма жыл қысқартып отыр.2013жылы 63 млрд рубльге,2016 жылы 40 млрд рубльге қысқартылмақшы. Кадр тапшылығы бар көрінеді.Байқоңырдан басталатын ұшу трассасындағы қалаларға, гептилі бар ракета құламайды деп кепілдік бере алмайтынары белгілі
    М.Молдабеков «Зияны жоқ зымыранды ұшыратын боламыз. Бұған кем дегенде 10 жылдай уақыт керек»депті.Орындалуы неғайбіл.Гептильмен улана беремізде!.Гептильдің тарайтын, ракета сатыларының түсетін жерлері түрік тектес халықтардың тұрған ортасы.Қазақстан,Алтайлық Тува,Хакас автономиялық

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз