Абдұлсәмет АЛТАЙ: Бүкіл қазақтың басын қосу үшін латынға көшу керек (ВИДЕО)

0
948

 Астана. 24 қыркүйек. BAQ.KZ – Жақында BAQ.KZ студиясында «Отанды сүю – иманнан» қағидасын халқымыздың жүрегіне сіңірген ұлт қайраткері, Құран Кәрімді қазақ тіліне аударған дінтанушы Халифа Ақытұлы Алтайдың Париж қаласында тұратын ұлы Абдұлсәмет Алтай қонақта болды.

Біз француз жерінде тұратын қандасымыз Абдұлсәмет Халифаұлымен сұхбатта осыдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын Қытайдан үдіре көшкен 20 мыңға жуық қазақтың бастан кешкендері және Халифа Ақытұлы жайлы естеліктер мен Еуропадағы, соның ішіндегі Франция қазақтарының бүгінгі жайын сөз еттік. Сондай-ақ, кейіпкеріміз Қазақ елінің латын әліпбиіне ертерек көшуін қолдайтындығын білдіріп, интернетті дүниежүзі қазақтарының басын қосатын рухани әлемге айналдыру керектігін ұсынды.

 

Майгүл СҰЛТАН, Азат ЕСЕМБЕКОВ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз