Ресей Протон зымыранын Астананың рұқсатынсыз-ақ ұшырмақ...

Ал бұл туралы мүлдем хабарсыз эколог министр Қаппаров сонда не істеп жүр?..

nurlan qapparov 2 jpg

 24.09.2013
Ербол Сейілхан
Ресми рұқсат алмай өз білгенін істемек! Мәскеу Астананың  келісімінсіз «Протон» зымыран тасығышын ұшырмақшы. Бұл туралы бүгін «Роскосмос» мәлімдеді. Ұшылырым келесі дүйсенбіге жоспарланған. Қазір әзірлік қызу жүріп жатыр. «Астра-2» байланыс спутнигі жалғанған «Протон» зымыраны техникалық тексерістен өтіп, гептилмен толтыру үшін жанармай станциясына  шығарылыпты. Бұл жолғы ұшырылым коммерциялық жоба екен. Сондықтан «Роскосмос» қыруар қаржыдан қағылатын жайымыз жоқ деп отыр. Байқоңырды жалға туралы мемлекетаралық келісімді алға тартқан көршілеріміз ресми жауапты күтпей өз дегенін істемекші. Өйткені 2-ші шілдедегі апаттан кейін Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров Қызылорда облысындағы залалсыздандыру жұмыстары аяқталмай, ұшырылымды шегере тұруды өтінген болатын. Ол кезде зымыраннан 600 тонна улы гептил төгілген-ді. Бірақ министрліктің талабына «Роскосмос» пысқырып та қараған жоқ. Ал кезекті «Протонның» көкке самғауы туралы еліміздің бас экологы тілшілерден естіп таңқалды. Нұрлан Қаппаров, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі: - Я же только что ответил. Я сказал скоро соберем. И расскажем . Пока ничего. КТК