Алматыда инкассаторға шабуыл жасалды

0
1040

Бүгін таңғы сағат 9.30 шамасында Алматы қаласының Сәтпаев пен Желтоқсан көшелері қиылысында екі  инкассаторға шабуыл жасалды, нәтижесінде біреуі оқиға орнында мерт болып, екіншісі ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Дәл қазір жәбірленушіге ота жасалынып болды.

Инкассаторлардың қолында болған 4 млн теңге қаражат Travel Express компаниясына тиесілі екені анықталды. Шабуыл жасап, қашып кеткен екі белгісіз қылмыскерді іздестіру жұмыстары жалғасуда. Оқиға орын алған аумақтағы кеңселерде отырған қызметкерлер таңғы сағат  9.00 мен 9.15 арасында 5-6 атылған оқтың дыбыстарын естігендерін айтты. Инкассаторлар еуропоидты келбетті болса, оларға шабуыл жасаушылар азиаттар екен.

Еске сала кету керек, Алматы қаласында инкассаторларға шабуыл жасау оқиғасы алғаш рет тіркеліп отырған жоқ. Қылмыскерлердің айрықша белгілері анықталып отыр, куәгерлер мен бейнекамералар да көп болған, қылмыскерлер қолға түседі деп сенеміз.

 Фотосурет tengrinews.kz сайтынан

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз