Балалар өткір ішек инфекциясына шалдықты
2013 ж. 25 қыркүйек
1588
0
Алматы облысының Қайназар ауылында 90-ға жуық бала ішек ауруына шалдықты. Олардың 49-ы мектеп оқушылары, ал 38-імектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер. Оның тоғызы ауруханаға жатқызылды. Олардың белгілері бірдей – дене қызуы, бас ауруы, құсу, іш өту, жұту кезіндегі ауру. Дәл қазір сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр. Болжам бойынша, балалардың ішегіне инфекцияның түсуіне ластанған су себеп болып отыр», - деді Алматы облысы бойынша мемсанэпидқадағалау департаментінің бастығы Ерғали Сыдыманов.
Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың халі орташа. Бұл вирус тазалық сақталмаған жерлерде азық-түлік, су, ауа арқылы жұғады.