Қысқа көмір аз

homeБүгін Үкімет отырысы кезінде жылу беру маусымына дайындық жағдайлары сөз болды. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары Бақытжан Жақсалиев мәлім еткендей, биыл өткен жылмен салыстырғанда, жиналған көмір қоры 15%-ға кем. «Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегіндегі мәліметке сәйкес энергия көздерінің отын қоймаларында 4,4 млн тонна көмір қоры жинақталған. Бұл – өткен жылғы көрсеткіштен 15%-ға аз. Қазіргі уақытта отынды жинақтау жұмысын тапшылықты болдырмау үшін және қолданысқа қажет көмір қорын құру үшін жандандыру қажет. Ал мазут өткен жылға қарағанда 133 мың тоннаға немесе 40%-ға артық даярланған», - деді Б.Жақсалиев. bnews.kz