Алматы көшелеріне «22 қыркүйек – еуропалық тілдер мерекесі» деген жарнама ілінді

0
2518

«22 қыркүйек – қазақ тілінің емес, еуропалық тілдер күні мерекесіне айналды». Осылай дабыл қаққан қоғам белсенділері, онсыз да еңсесі төмен қазақ тілі мазаққа ұшырап отыр дейді. Себебі, соңғы күндері Алматы қаласындағы ең көрнекі жерлерде «22 қыркүйек – еуропалық тілдер күні» деген жарнама қаптап кеткен. «1989 жылдың 22 қыркүйегінде қазақ тілі Мемлекеттік тіл мәртебесін иеленді. Бірақ, осы атаулы күні еуропалық тілдер күнін жарнамалауымызға жол болсын» дейді ұлт жанашырлары. Ал, аталған шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарнама қаланың бірнеше жеріне ілінген. Тіпті, қымбат жарнаманың шаһар төрінде жарқырап тұруына қалалық әкімшілік қолдау білдіріпті. «Еуропалық тілдер күні – 25 қыркүйек. Біз демалыс күндері атап өтуді жөн санадық. Бұл сәйкестік қана» деп ақталды ұйымдастырушылар. Ал, жақында ғана тілді қорғаймын деп, үш тәулікке қамалып шыққан журналист Жарылқап Қалыбайдың айтуынша, «бұл әдейі, қазақ тілін тұқырту үшін жасалып отырған әрекет!

«Мұның барлығы белгілі саясатпен жүргізіліп келе жатыр. Қазақ тілін қолдан тұншықтыру. Өйткені, билік басында орыс тілділер отыр. Оларға қазақ мүддесі керек емес», – дейді «Жұлдыздар отбасы» журналының Бас редакторы Жарылқап Қалыбай.

PS: Әлемде 6900 тіл бар. Солардың  жүз шақтысы ғана мемлекеттік мәртебеге ие. Қазақ тілін де осы жүздіктің қатарына қосқан күнді, сөз жоқ, мерейлі мереке етіп, жыл сайын атап өтуге болар-ақ еді. Алайда тіліміздің  қазіргі күйі бұл күннің мереке екенін де сездірмейді…

nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз