Алматылықтар тағы да «сілкіністі» сезді
2013 ж. 22 қыркүйек
1454
1
20 қыркүйек күні кешкі сағат 22.28 шамасында Алматы тұрғындары тағы да жер сілкінісін сезді. Сілкіністің ошағы Алматы қаласынан 111 километр қашықтықта, қаланың оңтүстік жақ бөлігінде Қырғызстанмен шекаралас аймақта екені анықталды. Кезекті жер сілкінісі 4,9 баллды көрсеткен, ал қала тұрғындары 2-3 қуатты сілкіністі ғана сезді.
Бұл ақпаратты Қазақстанның сейсмологиялық экспедициясы мәлім етті. Америкалық жер сілкінісін зерттеуші мамандар Қазақстанның оңтүстік астанасы Алматы қаласын жер бетіндегі сейсмологиялық ең қауіпті аймақтар қатарына енгізген. Сондықтан мегаполис тұрғындары жердің сәл қозғалуын сезінсе, үрейге бой алдырады.