Алматылықтар тағы да «сілкіністі» сезді

1
980

20 қыркүйек күні кешкі сағат 22.28 шамасында Алматы тұрғындары тағы да жер сілкінісін сезді. Сілкіністің ошағы Алматы қаласынан 111 километр қашықтықта, қаланың  оңтүстік жақ бөлігінде Қырғызстанмен шекаралас аймақта екені анықталды. Кезекті жер сілкінісі 4,9 баллды көрсеткен, ал қала тұрғындары 2-3 қуатты сілкіністі ғана сезді.

Бұл ақпаратты Қазақстанның сейсмологиялық экспедициясы мәлім етті. Америкалық жер сілкінісін зерттеуші мамандар Қазақстанның оңтүстік астанасы Алматы қаласын жер бетіндегі сейсмологиялық ең қауіпті аймақтар қатарына енгізген. Сондықтан мегаполис тұрғындары жердің сәл қозғалуын сезінсе, үрейге бой алдырады.

1 Пікір

  1. Байқаңдаршы әйтеуір, мамандар неге ерте ескерту жұмыстарын жүргізбейді, әлде олар да білмей ме қай уақытта жер сілкінісі болатынын.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз