Енді Бірыңғай Ұлттық Тестілеу болмайды

ENT

2015 жылы Біріңғай ұлттық тестілеу болмайды. Оның орнына 2 емтихан тапсыру жоспары енгізіледі. Бұл туралы бүгін ғылым және білім вице-министрі Мұрат Әбенов мәлімдеді. Оның сөзінше, ҰБТ-дің  алынып тасталуы бітіруші түлектің білімін  анықтап қана қоймай, оның қай сала бейімді екенін нақтылауға көмектеседі. Вице-министр ұлттық бірыңғай тестілеу барысында оқушылар тест сұрақтарын жаттап алумен ғана шектеледі дейді. Сондықтан осы салаға өзгерістен енгізу түлектер үшін пайдалы болмақ. Еске сала кетейік, 2004 жылы Қазақстанға Ұлттық бірыңғай тестілеу енгізілген болатын. Сондай-ақ оны 2013 жылы алып тастау туралы ұсыныс көтерілген. Алайда енді бұл тек 2015 жылдың жоспарында тұр. Таяуда Алматы қаласында өткен Kazakhstan OnLike медиа-конгресінде журналистерге берген сұхбатында ҚР Білім және Ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов: « Қазір ҰБТ-ға мектеп бітіру мен ЖОО-ға түсу біріктірілген. Мұндай әдістің тиімсіздігіне көз жеткіздік, себебі мектеп бітіруі оқушының белгілі бір білім алғандығын көрсетсе, ЖОО-ға түсу арнайы білім саласындағы білім деңгейін танытады. Ал ҰБТ аясында оның арнайы саласындағы білімін бағалау қиын. Оқушы білімін ғана тексермей, алған білімін  тәжірибеде қаншалықты қолдана алатынын тексеру керек. Біздің ағарту саламыз қазір білім беру бағытында ғана, яғни, қандай да салада ақпарат беру. Жаңа формат бойынша мәтінмен жұмыс жүргізу енгізіледі, оның әр саладағы біліктілігін тексеруге арналған әр түрлі тапсырма беріледі. Бұрын бізге білгені ғана жеткілікті болса, бүгін одан сол білімдерінің арқасында талдама жасай білу және жаңа білім ала алу мүмкіндігі қызықтырады. Жаңа емтихан түрін енгізу оқушының нені есінде сақтап қалғанын ғана көрсетпей, оның алған білімдерін қалай пайдалана алатындығын көруге мүмкіндік беріп, бізге кадрларды іріктеуге көмектеседі», – деді.