Шіркеу жағалағыш Бақыт Сыздықова партиядан қуылды

5
1289

Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Бақыт Сыздықова «Нұр-Отан» ХДП қатарынан аластатылды. Бұл шешім «Нұр Отан» партиясының бақылау комитетінің 18 қыркүйек күні өткен кезекті отырысында жария етілді. Бақылау комитетінің мұндай шешім қабылдауына алғашқы себеп –  партия бюджетінен Бақыт Сыздықова жетекшілік етіп жүрген Жастар қоғамдық ұйымына бөлінген 7 миллион теңге қаражаттың қайтарылмауы. Екінші себеп – Сыздықова ханымның партияішілік тәртіпке бағынбауы. «Нұр Отан» демократиялық партиясының Астана қаласы филиалының бақылау комиссиясының жетекшісі Дәулеткерей Рахметуллиннің хабарлауынша, 2008 жылдың 12 қарашасында Сыздықова мен партия тараптарын қол қойылған № 18 «Уақытша қаржылық көмек көрсету» туралы келісім-шартта көрсетілген 7 миллион теңгеге жуық қаражат қайтарылмаған. Бұл келісім-шарт бойынша партия мүшесі 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін қарызын қайтаруға тиіс болған. 0,1 пайыздық есеппен қаржы бүгінге дейін 15 миллионға өсті. Мәлім болғандай, Сыздықоваға дейін партия ережесін бұзғаны үшін және жемқорлықпен айналысқан 12 партия мүшелері құрамнан аластатылған. Бақыт Сыздықованың аты парламентте көп әйел алуды заңдастыру мәселесі қозғалғанда «Біз де көп байға тиеміз» деп айқайлағынымен белгілі…

Бұл жаңалық елге жария болғаннан бері Бақыт Сыздықова өзінің твиттердегі парақшасында баспасөз мәслихатын өткізетінін хабарлаған болатын. Бүгін сағат 15.30-да Сыздықова журналистермен өткен кездесуінде ел Президенті Н.Ә.Назарбаевқа жазған хатын оқыды. Хатта Бақыт ханым қаржылық таршылық көріп жүрген Қазақстан көңілді тапқырлар клубының командасына (КВН) көмек бергенін жазыпты. Оларға көмек беру мақсатында партиядан қарыз алып, кейін уақытша  жұмыссыз қалуына орай қарыз төлеуден босатылған. Партияның қалалық бақылау комитетінің шешімі бүкілпартиялық әділетті шешім емес екенін айта отырып, Елбасынан бұл жағдайға орай дұрыс шешім қабылдауын өтінді.

www.qazaquni.kz

5 ПІКІРЛЕР

  1. Қазақ халқын масқаралап жүрген осындай жандар қалай депутат болатыны түсініксіз. Қазақ халқына қарсы қылмыстық топтың әрекетінің арқасында осындай келеңсіз жандар депутаттыққа, сенатқа, билікке өтіп жатқан сияқты. Қазақ қоғамы жақсы мен жаманды, ақ пен қараны, адал мен арамды, қулар мен сұмдарды ажыратып, тазара алмаса болашығы күңгірттеу. Бұл әсіресе зиялы топқа сын…

  2. Казакты куртуды ойлап, елдин ұлттык намысын аякка таптап журген, ширкеуди жагалап жастарга терис онеге уйретуши албастыны аластап кана емес Казахиядан куртса дурыс болар еді… .

  3. Сенат депутатының балдызы жемқор, парламент депутаты болған ақшаны қайтармайды, тіпте көп байға тиіп алғысы келіп заң шығарып алғысы келеді. Ай депутат ай сол көп байыңнан 1 миллиондап жинасаң да қарызыңнан құтылар едің ғой. Бір байыңдікі жетпей ме?

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз