Болат Әбілов саясатпен қоштасты

5
2248

Ол енді шығармашылықпен айналысады…

Бүгін КазТАГ ақпарат агенттігі белгілі саясаткер, «Азат» партиясының көшбасшысы Болат Әбіловтың саясаттпенқош айтысқанын мәлім етті. Әбілов мырзаның КазТАГ агенттігіне жазған хатында: «Мен маңызды шешім қабылдадым. Бұрыннан бері ойға алған шығармашылық жоспарларымды жүзеге асыру мақсатында, саясаттан  қол үземін. Шығармашылық жоспарларым туралы айтсам, ол кино және телебағдарламалар, еліміздің қазіргі жағдайы туралы, өткені мен болашағын байланыстыра отырып, қазақ әлемі туралы кітабымды жарыққа шығарғым келеді.», – делінген. Соған қарамастан, Әбілов соңғы жылдары әділдік, демократия, азаматтардың құқығы үшін  күрескен өзіндік  принциптерін өзгертпейтінін, пікірінде қала беретінін де жазған.

Саясаткер 90-жылдарды еске алып, бизнесте жеткен жетістіктері туралы айтты. 2000-жылдар басталысымен, саясатқа бет бұрған: «Саясат жолына түскелі өмірімдекөптеген өзгеріс орын алды. Жылы Алматымды суық Антарктидаға ауыстырғандай болдым… Сондықтан бұл жылдары мен өзімді бақытты сезіндім деп айта алмаймын», – деп ойын толықтырады. Алайда, бұл қиындықтар Әбіловтың еңсесін түсірмеді, керісінше қанатын қатайтты. Қиын сәттері жанынан табылған достары мен ұстаздары, замандастары мен жанашырларына саясаткер өз хатында алғысын да жолдапты. Сонымен қатар ол өзіне сенім артқан «Азат» партиясының мүшелері мен ел азаматтарына рахметін білдірді.

www.qazaquni.kz

5 ПІКІРЛЕР

  1. Өкінішті-ақ! Болат Әбілов саясатта кедейсоқ жан емес. Ол осыдан бір мүшел бұрын, алғашқы «Ақ жол»(«Жас түркілер») партиясының негізін қалап, жарқырай көрініп еді.Өзінің ой-пікірін ашық айтатын, ұстанымына берік Болатты нендей жайттар қажытты екен?Саясаттан кетірген қай «Жәңгір ханның» тепкіні болды екен?

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз