Ұлттық тағамдарымыздан Ұлттық бренд қалыптастыруымыз керек

 *Депутаттық сауал

 

 Қазақстан Республикасының

Премьер - Министрі

С.Н. Ахметов мырзаға

ulttyq tagam 1ulttyq tagam..

Құрметті Серік Нығметұлы!

  Елімізде кәсіпкерлікті дамыту, сапалы өнім өндірушілерге қолдау аясында көптеген жұмыстар қолға алынуда. Әсіресе отандық ауылшаруашылық пен азық-түлік өнімдеріне барынша  қолдау жасап, дамытуға  мүдделі болып отырмыз. Бүгін, сіздің назарыңызды осы салаға тағы да аудартқымыз келіп отыр.. Қазақ халқы, адам қажеттіліктерінің  ішінде тағамды- асты жоғары бағалап, қадірлей білген. «Астан үлкен емессің», деген секілді ескертпе сөздер, мақал-мәтелдер осының дәлелі. Қай заманда, қалай айтылғанына қарамастан, халық асты құрметтеудің жолын, оны әзірлеудің көзін, ретін тауып. жазда да, қыста да бұзбай, құнарын-нәрін сақтай отырып дайындаудың   әдіс-тәсілдерін жетік білген. Төрт түлікті ерекше қәдірлеген ата-бабаларымыз оның етін сүрлеп, сүтінен құрт, кілегей, қаймақ, ірімшік, сары майды барлық маусымдарға пайланануға мүмкін етсе, көкөніс, жеміс жидектердің табиғи құнарын сақтап өрікті кептіріп, жүзімнен-мейіз, қауынды-қақ еткен. Қазіргі таңда ата-кәсіпті қолға алушылар бар, оларға қолдау аясын кеңейте отырып, Ұлттық бренд қалыптастыруды қолға алуымыз керек. Мұны ұсақ-түйек дүние деп қарауға болмайды. Себебі; әлем елдері бұған айрықша мән беріп отыр. Мысалы: Швейцарияда «фондю» деген – ірімшіктің астына от жағып қойып, нан батырып жейтін тағамын меншіктеуге қазір таңда бірнеше мемлекет таласып жатыр. Шығыс Еуропаның «паленка» деп аталатын ішімдігіне венгрлер, болгарлар, юго­слав­тар таласуда. Осы сияқты «будвайзер» де­ген сыраға Чехия мен Америка Құрама Штаттары таласып, біріншісі жеңіп шық­ты Аме­рикада бұл сыра нөмірі бірінші сана­лады. Қазіргі күні «будвайзер» сырасы Чехияның зияткерлік меншігіне жатады. Ал сол «па­ленка» мен «будвайзер» қазақтың «балқай­мағы мен шұбатынан» артық емес. Бабадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық сусынымызды дайындау үшін қазаққа қанша рет қайнаса сорпасы қосылмайтын Герман елінен рұқсат сұрағанымыз жараспас! Қазақша етімізді де (көп жерде бесбармақ деп аталады)  басқа мемлекеттер патенттеп алғысы келетінін де естіген едік. Интернеттегі кейбір ақпарға сүйенсек, тіпті, Гиннесстің рекордтар кітабына кірген қазымызды да көршілеріміздің бірі ұлттық тағамы ретінде тіркемек ойда жүрген көрінеді. Қолда барда алтынның қадірі жоқ. Ал, біз әлі күнге дейін ұлттық құндылықтарымызды меншіктей алмай келеміз. ulttyq tagam 2     Халқымыздың ұлттық тағамдары болып табылатын, сүрленген ет, қазы-қарта, жал-жая, шұбат, қымыз, құрт, ulttyq tagamірімшік, өрік, мейіз, кауын қаққа қатысты кез келген жекеменшік немесе заңды тұлғаға айрықша құқық беру, тіпті мемлекетке меншіктеп беруді қолға алуды жеделдету керек. «Өзіңді өзің сыйламасаң, ешкімнен сый күтпе» деген аталы сөз бар. Қазіргі экономикалық интеграциялық нарықтың талабы осы. Ұлттық бренд қалыптастыру-дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жолындағы ауылшаруашылығына нақты қолдау болар еді.  Байкап отырғандай, ет-сүт тағамдарынан басқа, жеміс-жидек өнімдерінің сату нарығын жолға қоюға да септігін тигізіп, осы арқылы ауыл шаруашылығын өркендеуіне де үлес қосар едік. ulttyq tagam qauynqaq   Бұл мәселеде үлкен экономикалық маңызы бар деп санаймыз. Себебі, ұлттық брендті пайдаланбай, ұлттық кәсіпкерлер дами алмайды. Сондықтан, ұлттық-экономикалық, сауда брендін қалыптастырып, оны дамытуға арнайы бағдарлама дайындау қажет деп санаймыз. Құрметті Серік Нығметұлы, осы бағыттағы жұмыстар жөніндегі атқарылар жұмыстардан хабардар етуіңізді сұраймыз.    Құрметпен,  Мәжіліс депутаттары, «Ақ жол» ҚДП     Парламенттік  фракция мүшелері                                                                                                А. Тұртаев                                                                                               А. Перуашев                                                                                               Е. Никитинская                                                                                               А. Әбілдаев                                                                                               Т. Ерғалиев                                                                                               Н. Жазылбеков                                                                                               М. Қазбекова                                                                                               С. Кадралиева

                                                                                            Мәжіліс депутаттары:

                                                                                           Ш. Мырзахметов, Е. Каппель

www.qazaquni.kz