Жаңа сессия бізге не береді?

1
1033

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің бесінші шақырылымының үшінші сессиясының ашылуына қатысты. Еңбек демалысынан кейін қызметке кіріскелі отырған депутаттардың осы кезге дейін атқарған шаруаларына тоқталып өткен Президент, ендігі жерде бес бағыт бойынша жұмыстар атқару керектігін атап өтті.

– Құрметті Мәжіліс және Сенат депутаттары, баршаңызды жаңа парламенттік маусымның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Бесінші шақырылған Парламент өзінің конституциялық өкілеттігі аясында 1,5 жыл жұмыс істеді. Осы аралықта отандық парламентаризм тарихында тұңғыш рет заң шығару жұмыстары бір шақырылымдағы депутаттардың өкілеттік мерзіміне тұтастай жоспарлау тәжірибесі енгізілгенін ескеру керекпіз»,– деді Елбасы Парламенттің бесінші шақырылымындағы үшінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде.

– Сонымен қатар, алдағы жылдың алғашқы тоқсанында « Э К С П О – 2 0 1 7 » к ө р м е с і н өткізуді ұйымдастыруға қажетті заң жобасын барынша шұғыл қабылдауға тиіссіздер,– деген Нұрсұлтан Назарбаев, жыл соңына қарай Үкімет аталған заң жобасына қажетті нормаларды енгізетіндігін атап өтті.

– С о ң ғ ы к е з д е р і б и л і к органдарының мүмкіндіктері айтарлықтай күшейтілді деп айтуға болады. Бұл жұмыста біз көптен бері осы шаруаны шешеміз деп келдік. Бұдан кейінгі қабылдайтын шешімдеріміз де ел халқының ертеңі үшін игілікті қызмет етуін жалғастыра бермек. Жергілікті жерлерге әлеуметтік қосымша өкілеттіктер берілді. Бұл, олардың кейбір мәселелерді дербес әрі уақытылы оң шешуіне зор мүмкіндіктер береді деп санаймыз. Сонымен қатар, әкімдерге отандастары мен мемлекет алдында аса зор жауапкершілік жүктелді. Әрбір әкім жүктелген сенімді толығымен сезініп, өзіне тиесілі тапсырмаларды жоспарлы түрде атқарып шығуы тиіс. Олар өздерін сайлаған халықтың, заңды өкілдерінің сенімін адал да шынайы түрде ақтауға міндетті. Бұл жаңадан сайланған әрбір әкімнің қаперінде болуы керек,- деді Мемлекет басшысы алдағы алға қойылған жоспар жүгінің ауыр екенін ескерте кетті.

– Мен Парламент депутаттары әрдайым тарихи міндеттердің биігінен табылады деп сенемін. «Қазақстан – 2050 Стратегиясын» жүзеге асыруда Үкімет пен бірлесе отырып жұмыс істейді деп ойлаймын. Бірліксіз істе береке болмайтынын, ынтымақ жүрген жерде ырыстың тасада қалмайтынын ешуақытта естен шығармайық. Басты байлығымыз – ел бірлігін сақтай отырып, биіктерге ұмтылуды мақсат еттік. Сол мақсаттарға бастайтын заңнамалық алғышарттарды жасайтын, Сіздерсіздер. Халық қалаулысы деген абыройлы мәртебенің салмағын ауырсынбай арқалайтындарыңызға мен сенемін. Сіздердің маңызды шешімдер қабылдайтын жұмыстарыңызда зор табыс тілеймін,– деп Елбасы депутаттарға үлкен сенім білдірді.

Мәжіліс отырысының соңына қарай қос палата депутаттарының қатарына жаңадан қабылданған бірқатар халық қалаулылары Ата Заңға қолдарын қойып тұрып, «ел мен халық үшін Заң аясында адал да абыройлы қызмет етемін» деп Ант қабылдады.

1 Пікір

  1. Мәжіліс отырысында сенат депутаты атанған Оразалин Ата Заңға қолын қойып тұрып, «ел мен халық үшін Заң аясында адал да абыройлы қызмет етемін» деп Ант қабылдады ма екен, әлде Нұреке сіз үшін және өзім үшін сенат депутаттығымен қатар, Жазушылар одағын қоса атқарамын деді ме екен. Не деді екен а? Негізі адал еместер ата заңға қолын қойып сөйлей бере ме сонда.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз