Кінә Қайратта емес... сауда орталығында...

  31 тамыз кешкі сағат 19-00-де Алматы қаласындағы Саин мен Райымбек көшелерінің қиылысында орналасқан «Прайм Плазма» сауда орталығында өтуі тиіс болған Қайрат Нұртас ән-кешінің аяғы жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Концерт барысында белгілі бір топ жиналған жұртшылық арасынан бүлік шығара бастаған. Көргендердің айтуынша, оқиға аяқ асты басталған екен. Бірнеше жігіттің өзара келіспеушіліктерінің ақыр аяғы жаппай тәртіпсіздікке ұласқан. Одан қалды, кей бұзақылар сахнадағы музыкалық аспаптардың күлталқанын шығарған. Жаппай тәртіпсіздік салдарынан ұйымдастырушылар жоспарланған концертті доғаруға мәжбүр болған. Құтырынған жастар сауда орталығының әйнек терезелерін тас лақтырып сындырған, жол жиегіндегі темірден орнатылған кедергілерді ырғап жұлып алған, тұрақта тұрған көліктердің терезелерін сындырған. Дерек көздеріне сүйенсек, орын алған оқиға нәтижесінде 3 жеңіл көлік, оның екеуі тәртіп сақшыларыныікі, 4 өрт сөндіру көлігі зақымданған және 10 шақты адам жарақаттанған. Тек түн ауа бастағанда ғана  «Прайм Плаза» сауда орталығындағы әнші Қайрат Нұртастың концертінен соң ұласқан қақтығыс тынши бастады. Сағат  түнгі 23-52 болғанда да полиция дабылы басылған жоқ. Саин мен Райымбек көшелерінің қиылысындағы көпір үстінде ерсілі-қарсылы ағылған полиция көліктері. 3- 4 көлік келіп, бір топ жастарды түсіріп, «тез арада тараңдар» деп босатып жіберді. Шамасы, қақтығыс кезінде осы жерден алып кеткен болу керек...  У-шу біткесін осы бұрыштағы тұрғындар сыртқа шығып, тұрақжайдағы көліктерін түгендеп жатты...  – Алматыда қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртастың концерті өтіп жатты. Концерт барысында бейтаныс азаматтар шу көтеріп, бүлік шығара бастады. Соның негізінде Алматы қаласының ІІД-і құқық қорғау органдарының қызметкерлері барлық жағдайды бақылауға алды,– деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметкері Ермек Болтаев. Жалпы 165 адам тұтқындалып, 90 адам жарақат алған. Олардың ішінде 37-сі полиция мен әскери күштер өкілдері... Әлі күнге оқиғаның неден басталғандығын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал, зардап шеккен «Прайм Плазма» сауда орталығы ертесіне таңертең жөндеу жұмыстарын жүргізіп, кешкісін қайта ашылды. Осыған орай 1 қыркүйек күні қала әкімі Ахметжан Есімов 2 рет шұғыл отырыс өткізіп, болған оқиғаның ақ-қарасын ажыратып, кінәлілерді тездетіп табуын талап етті. Qairat nurtas....Ал 2 қырүкуйек күні Қайрат Нұртас пен оның анасы және продюссері Гүлзира Айдарбекова және арт-директторы Мира Келімбетова баспасөз брифингін өткізіп, концертте қауіпсіздік шараларын дұрыс ұйымдастыра алмаған «Прайм Плаза» сауда орталығын кінәлады. Олар өздері жағынан келісім-шартқа с ай барлық талаптар орындалғанын, тек ұйымдастырушылар тарапынан «ән айтуды тоқтату» туралы талап қойылған соң ғана ол жерден ккеткенін мәлімдеді... Иә, бейнетаспаны көргенде де, Қайраттың толық ән айтып, ал екінші шыққанда концертті жүргізуші қыздың жаппай алға ұмтылып жатқан көрермендерге айқайлап жатқаны анық естіліп тұрды... Бұл жерде жанжалды арнайы ұйымдастырушылар болды деген сөздің де жаны болуы керек...

Сапар Әлі

www.qazaquni.kz