Полиция көліктерінің дабылы басылмауда…

0
974

Бүгінгі «Прайм Плаза» сауда орталығындағы әнші Қайрат Нұртастың концертінен соң ұласқан қақтығыс тынши бастады. Сағат  түнгі 23-52 болғанда да полиция дабылы басылған жоқ. Саин мен Райымбек көшелерінің қиылысындағы көпір үстінде ерсілі-қарсылы ағылған полиция көліктері. 3- 4 көлік келіп, бір топ жастарды түсіріп, «тез арада тараңдар» деп босатып жіберді. Шамасы, қақтығыс кезінде осы жерден алып кеткен болу керек…  У-шу біткесін осы бұрыштағы тұрғындар сыртқа шығып, тұрақжайдағы көліктерін түгендеп жатты…

Кейбір деректер бойыншгы 1 көлік, 2 полиция көлігі, 4 өрт сөндіру көлігі зақымдалып, 8 адам жараланған.

Ермек Болтаев.
Алматы ІІД баспасөз қызметі жетекшісі Ермек Болтаевтың  айтуынша, қазір бәрі тынышталып, кінәлілір ұсталған. Санаулы сағаттардан соң қақтығыстың нақты себептері жарияланады.

 

Бірақ әлі полиция көліктерінің құлақ тұндырған дабылы басылған жоқ.

www.qazaquni.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз