Оразалин Одақтан Сенатқа секірді...

orazalin

Сенат депутаттары тағайындалды

 

Әлемде бар ма, жоқ па, білмейміз, біздегі бір ерекшелік - кейбір депутаттарымыз  халық дауысымен сайланбай, жарлықпен тағайындалады.

Бүгін, яғни, 26 тамыз күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Сенатының депутаттары тағайындалды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады. Сонымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып:  ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасы Оразалин Нұрлан Мірқасымұлы,  елші Әйтімова Бірғаным Сарықызы,  мұнайшы Қиынов Ләззат Кетебайұлы және Бейсенбаев Асқар Асанұлы, Громов Сергей Николаевич,  Нөгербеков Серік Нөгербекұлы,  Ким Георгий Владимирович,  Қосдәулетов Дулат Рашитұлы тағайындалды. Біз сенат депутаттарының ішінен қалам ұстаған руханият өкілін - қаламгер Нұрлан Оразалинді көріп қуанып қалдық. Жаңа депутаттардан жалынды жігер мен қарымды қайрат күтеміз.

www.qazaquni.kz