САХНА СУРЕТІНІҢ САҢЛАҒЫ

            ҚР Мәдениет қайраткері Сраилов Бақыт Бекмырзаұлы ның 2010 жылдың 23-сәуірінде сағат 12.00-де ҚР Суретшілер Үйі көрме залында «Желбесіктен талбесікке дейін» атты мерейтойлық шығармашылық көркемсурет көрмесі ашылады.

         Сраилов Бақыт Бекмырзаұлы 1960 жылдың 25 сәуірінде Шымкент қаласында дүниеге келген. Ұлты-қазақ.  1974 жылға дейін (қазіргі) Мақтарал ауданындағы Асық ата өңірінде Ә.Қастеев атындағы мектепте оқиды.

           Еңбек жолын Қ. Жандарбеков атындағы Жетісай музыкалы – драма театрында, 1978 жылы Ә.Қастеев атындағы Шымкент көркемсурет училищесін оқып бітірген соң суретші-көркемдеуші, ал 1984 жылы  Алматы мемлекеттік театр көркемсурет институтындағы оқуынан кейін қоюшы-суретші  қызметімен бастаған.

          1990 жылдан театрдың бас суретшісі.

2008 жылдан Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Сценография» кафедрасының оқытушысы.

           Б.Сраилов өнердегі өзіндік қолтаңбасы бар сезімтал, жоғары көркемдік ойшыл, азамат суретші. Қазақстан театрлары сахнасының сценографиясы, олардың көркемдік дәрежесі театр суретшісі есімімен тығыз байланысты, атап айтқанда: С.Камаловтың «Ер Тарғын», М.Әуезовтың «Қорғансыздың күні», А.Островскийдің «Жазықсыздан жазықты», Б.Васильевтің «Тамылжыған таң», И.Сапарбаевтың «Сыған серенадасы» сияқты Қазақстан театрларындағы   репертуардан.  берік орын алған 50-ден астам қойылымдары айғақ.

              ҚР суретшілер Одағы мүшесі Б.Сраилов қиялға жомарт, санаға сергек, елге белгілі азамат. 1982 жылдан Республикалық, Халықаралық көркемсурет көрмелерінің, театр байқауларының қатысушысы, лауреаты, дипломанты. 1997 жылы Алматыда өткенМ.Әуезовтың 100 жылдығына арналған Халықаралық театр фестивалінің лауреаты,  2005 жылы Қызылорда қаласында өткен Қазақстан театрының XIII фестивалінің Қ.Жандарбеков атындағы жүлдесінің ұжымдық иегері.

           2008 жылғы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Оқу театрындағы Шәкәрімнің «Тағдыр» қойылымының суретшісі. Спектакль Ресей астанасы Мәскеу, академия күндері аясында Астана қалаларының театр сахналарында көрсетіледі.

           Әр қойылымға ерекше әдемі әлем түзетін құпиялы кәсіп иесі – сценограф Сраилов Бақыт Бекмырзаұлы республикамыздың қоғамдық саяси өмірін паш етер іс-шараларға  реешқашан  аянып қалмаған еңбекқор суретші.

         «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалінің иегері (2002).

          Қазақстан республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет қайраткері белгісімен марапатталды (2003).

         Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданының құрметті азаматы (2008).