Ғарыштық соманы жымқырған «ғарышкер»

«Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясының басшысы Ғ.Мырзақұлов аса ірі мөлшерде пара алғандығы үшін ұсталды. Оған жалпы құны 15 млрд.теңгеден асатын Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросын құрастыру-сынау кешенінің құрылыс жұмыстарын сатып алу конкурсында «Құлагер» құрылыс компаниясы» ЖШС мүдделеріне әрекет етіп, сол үшін аталған кәсіпорынның басқарма төрағасы Т.Еген­баевтан сенімді адамы – Е.Асылбеков арқылы 272 мың АҚШ доллары және 75 млн. 300 мың теңге көлемінде пара алды деген айып тағылып отыр. «Құлагер» ҚК» ЖШС-нің бас­қарма төрағасы Т.Егенбаев пен «Сұңқар Күзет» ЖШС директора Е.Асылбеков те қамауға алынды. Т.Егенбаев «аса ірі көлемде пара берді» деп, ал, Е.Асылбеков «пара алуға көмектесті» деп айып­талуда. Сот санкция­сы­мен Ғ.Мыр­зақұлов пен Е.Асыл­беков абақтыға қа­мауға, Т.Еген­баев үйқамаққа алынды.