Ең жас әкім 25 жаста
2013 ж. 10 тамыз
3411
2
10 тамыз, 2013 жыл. 17,58
«Ең жас әкім - Павлодар облысы Заңғар ауылдық округінің әкімі 25 жаста» дейді Орталық Сайлау Комиссиясы төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.
Жалпы, жаңадан сайланған әкімдердің орташа салмағы – 47 жас. Оның ішінде 80,3 пайызы 25 пен 55 жас аралығында. Жалпы алғанда әкімдер құрамы жаңарды деуге болады.
ОСК төрағасының айтуынша, әкімдердің 687-сі, яғни 25,6 пайызының мамандығы педагогтар. 501, яғни 20,4 пайызы ауыл шаруашылығы мамандары. 417-сі, 17 пайызы инженерлер, 357-сі, 14,5 пайызы экономистер, 281-і, 11,5 пайызы заңгерлер. Тек 271-і, 11 пайызы өзге әртүрлі мамандық иелері.
Әкімдердің 280-і, яғни 11,4 пайызы әйелдер. Бұл бұрынғыдан 32 әйелге артық деген сөз. Әйел әкімдер саны Павлодар облысында 6 пайыз, Оңтүстік Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында 3 пайызға өскен.
www.qazaquni.kz