«Ай, дүние–ай!..» Бұл – Мұқтар Тайжанның ашынғанда шығатын айқайы…

34
8682

 

Мен Мұқтар Тайжанмен 2012 жылы  жазда бүкіл Қазақстанды 40 күн бойы бірге жүріп аралаған адамның бірімін (тобымызда белгілі журналист – Өмірзақ Ақжігіт және жүргізуші бала болды). Мұхтар экспедицияның қаржылық демеушісі, әрі жетекшісі еді. Сонда байқағаным: Мұхтар өте жомарт, ақкөңіл, жаны ашығыш жан екен. Талай рет жол–жөнекей кездесіп қалған тұрмысы төмен жандарға ақшалай да көмек берді.

Сонда ол осыны ақшасының көптігінен жасаған жоқ. Ол бай да емес. Оның бұлай істеген себебі – қиналған әрбір қазақты көргенде оның жүрегі ауырады. Солардың мұң–зарын есітіп, мына кең дүниеге симай кететін. Арлы–берлі жүріп, екі қолының жұдырығын түйіп жоғары көтеріп тұрып «Ай, дүние–ай» деп, ішкі запыран күйігін шығарып алатын.
        Бірде шілденің ми қайнатқан қатты ыстық кезінде, Маңғыстаудың қырық–шұрық жолының бойында сусын сатып отырған әйел кісінің қасына тоқтадық. Қарасақ, немере емес, шөбере сүйетін жасқа жеткен қарт ана екен. Жағдай сұрап едік, ол кісі «Е шырақтарым, несін сұрайсыңдар… Қырық жасымнан асқанда көрген, әлі отызға толмаған жалғыз ұлым бар еді, былтырғы болған Жаңаөзен оқиғасында оққа ұшты. Мен үшін өмірдің мағынасы жойылып, баламның соңынан «О дүниеге» кетпек болдым, бірақ содан қалған бұғанасы қатпаған төрт немерем «жібермеді». Солар аштан өлмесін деп осында отырмын. Шешелері нәпақы табам деп Алматы асқан. Ол тиын–тебен жібергенше нанын тауып берейін, қазір өлсемде» дегені. Бәріміз абыржып қалдық. Мұхтар, әдетінше арлы–берлі жүрді де, екі жұдырығын түйіп, қолдарын жоғары көтеріп тұрып «Ай, дүние–ай» деп, айқайлап жіберді. Қарасам екі көзінде мөлтілдеген жас тұр.
Қарт апаның зарын тыңдап, көңілін аулап, біраз тұрдық. Қоштасарда Мұхтар қалтасынан жүз мың теңге алды да апаның алақанына салды. Апа мұндайды күтпеген еді. Қатты абдырап қалды. Шынында да бұл заманда құлақ есітіп, қөз көрмеген біреу келіп жүз мың теңге бере ме?!
Берді! Мұхтар берді!

Геройхан ҚЫСТАУБАЕВ,
қоғам қайраткері


34 ПІКІРЛЕР

  1. Құларма құл тірліктен нардай балаң
    Түңіліп түс көргендей таңдай қағам
    Осынша ұлан байтақ байлығы бар
    Жылаған қазақ көрген қандай жаман
    Сабыр Адай

  2. «5 мың дос, 23 мың подпишігім бар) “-деп, марқайып, лайк санап отырған Мұхтар ағаға қарным ашты. Сонда сіз адамның бет-беделі «подпишіктің» (өзіңіздің жазуыңыз) санымен ғана байланысты деп ойлайсыз ба? Сонда 3 мың ғана «подпишигі» бар нағыз Мұхтар ( Шаханұлы ) ағамыз сізден беделсіз деп ойлайсыз ба? Инстаграмда кез-келген фамилиясын зорға жазатын, жеріңмен де, еліңмен де, тіліңмен де шаруасы жоқ шалағай әншілердің 50-100 мың «подпишигі» бар, сонда олар ең беделді адамдар болғаны ма? Мынадай пайыммен сіз алысқа бара алмайды екенсіз…. Серік Сапарғали аға сізді «достықтан» шығарып жіберсе, сонда айтуға болатын шығар мұндай сөзді… Бұл жерде сіз шығарып отырсыз ғой оны…. Ол сізді керек те етпей, парақшасында «сатқын» деп сойып салыпты, сол үшін шығардыңыз ғой. Ол ғана емес, нағыз ұлтшылдардан достығыңызда ешкім қалмапты ғой…. Сізге жаным аши бастады, Мұхтар-лайк аға!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз