Ақтауда 16 жасар қызды тәулік бойы зорлаған айуандар сотталуда

16 жасар қызды тәулік бойы зорлап, азаптаған қаніпезерлерге қарсы сот отырысы басталды.

Фото: lada.kz
Фото: lada.kz
Айыпталушы 7 адам. Тағы екі қаскөйге іздеу жарияланған деп хабарлайды КТК. Қайғылы оқиға биыл сәуір айында Жетібай ауылында болған. Бой жетіп қалған қызды 4 адам дүкен алдында күтіп алып, ауыл шетіндегі ескі үйдің орнына апарып зорлаған. Қаскөйлерге артынан тағы 5 жігіт қосылыпты. Сөйтіп алды 33 арты 26 жастағы соқталдай 9 азамат бір түн бойы ойларына келгенін істеп, тіпті соңынан жалаңаш тәніне темекі шоғын басқан, ұрған-соққан. Көп ұзамай осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 8 жігіт қолға түсті. Бірақ біреуі жәбірленуші танымаған соң бостандыққа жіберілген. Ал сот қатаң тәртіпте өтіп жатыр. Яғни, жәбірленуші мен күдіктілерден өзге адам кіргізілген жоқ. Тіпті, қыздың туыстары есіктің бер жағында күтіп отыруға мәжбүр болды. Іс Маңғыстау облыстық мамандандырылған сотында қаралуда. Жәбір көрген қыздың өзі әлі дәрігерлердің бақылауында. "Білмеймін, әлі табылмай жатыр. соттың нәтижесін күтеміз, егер біз күткендей нәтиже болмаса, қатаң жазаламаса, онда жоғары жаққа жазамыз. Бірнешеуі мойындады, кейбіреулері мойындамай тұр. Бірақ нақты дәлелдер бар. Сол себептен олар қатаң жазаланады деп күтіп отырмыз", - дейді Салтанаттың апасы Сырға Махамбетова.
Источник: КТК