Банк несиесі үшін 9 қабаттан секірген әйел мерт болды...

Атырауда өткен түнде тоғызыншы қабаттан секірген әйел ажал құшты.

Қайғылы оқиға таяуда 24 жастағы әйел лифті шахтасына құлап, опат болған Алмагүл ықшамауданындағы №23 үйде орын алды. "Қаза тапқан 1976 жылғы әйел бұл үйде тұрмаған. Осы тұрғын үйге келіп, ол соңғы тоғызыншы қабатқа көтеріліп, баспалдақ алаңқайындағы терезені ашып, алдымен екі ұялы телефонын тастап, кейін өзі секірген", - деп түсіндірді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова. Алдын ала болжам бойынша, әйелдің өз-өзіне қол жұмсауына 2,5 млн теңге көлеміндегі банктен алынған несие себеп болуы ықтимал.
Источник: ИА "Казинформ"