Зорлауға көнбеген әйелді пышақтап кетті...

    Алматыда белгісіз ер адам 45 жастағы әйелді зорламақ болған, алайда ол қарсылық көрсеткен соң пышақтап тастаған.

    Бұл туралы BNews.kz  Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Е.Болтаевқа сілтеме жасап хабарлайды. "Оқиға кеше таңертеңгі сағат 11.00-дің шамасында Баума шағын орманында орын алған. 30-35 жастағы ер адам 1968 жылы туған әйелді зорламақ болған. Ол қарсылық көрсеткен соң ер адам ішіне пышақ сұғып алып, ізін жасырған. Жарақаттанған әйел ауруханада жатыр", - деді Е.Болтаев. Баспасөз қызметі жетекшісінің сөзіне қарағанда, оқиға орнына Түркісіб ауданы полиция бөлімі, криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы аттанған. Қазір тергеу шаралары жүргізілуде, ҚР ҚК 120 бабы, 2 бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. "Әйел қаскөйден қашып кеткен, алайда оқиға орнында жеке заттары салынған сөмкесі қалып қойған. Соған байланысты тонау фактісі бойынша да қылмыстық іс қозғалады", - деді ол. Зардап шеккен әйел құқыққорғау органдарына өзі хабарласыпты. Қазір ол ауруханада жатыр, енді ғана есін жинады. http://news.nur.kz