Теріс секташыл Телібековті мұсылман деуге бола ма?!.

Сөздеріне қарасам, нағыз қазақтың жауы деп ойлаймын...

Бүгінде «атақты», «жұлдыз» атану оп-оңай. Жақсына жаман, жаманды жақсы, қысқасы қалыптасқан түсініктерге қарсы шықсаң болғаны. Оның дәлелінің бірі - бізге мәлім де беймәлім Мұрат Телібеков. Жаңалықтардан түспейтін бұл «тұлға» әрдайым өзінің біртүрлі ұсыныстарымен қоғамды елең еткізіп отырады. Біздің журналисттерге де керегі сол. Әсіресе, орыс тілді. Себебі, қазаққа қарсы сөздерді ойланбастан айтып отырады. Жеке өзім оны танымаймын. Бірақ, сөзіне қарап танығым да келмейді. Сөздеріне қарасам, нағыз қазақтың жауы деп ойлаймын. Соңғы бір-екі пікірін оқыған соң бұған көзім әбден жетіп отыр. Мысалы, Қазақ ұлты туралы: «Казахская нация всегда будет чужой подстилкой, гигиеническим тампоном в чужом влагалище, геморроидальной свечой, которую будут вводить в задний проход какой-нибудь великой державе». «Казахская нация, в лучшем случае, станет чужим презервативом. Через нее будут сношаться великие нации (русская с китайской, турецкая с узбекской). На этом поприще казахская нация будет изощряться! Презервативы ведь бывают разные: ребристые, игольчатые, с усиками и бакенбардами». Қазақ тілі туралы: «Вы обратили внимание на то, что в казахском языке отсутствует жаргон. Тот самый уличный жаргон, который есть в русском, английском и других языках. В казахском языке нет даже зачатков жаргона. Это говорит о том, что язык не развивается, он как бы застыл, в нет энергии движения. В определенном смысле это отражает психологию казахского народа, присущий ему догматизм и неприятие нового. Не исключено что это признак старения языка, он отходит, умирает, как умер в свое время латинский и многие другие языки» Оралмандар туралы: «Біз елімізден орыс, кәріс, немістерді қуып жатырмыз, олардың құқын шектейтін небір заңдар қабылдадық. Ал сонымен бірге Моңғолиядан, Қытай, Иран мен Ауғанстаннан қазақтарды жинап жатырмыз. Ертең елге қауіп төнсе, мына сырттан келген қазақтар қайтадан қашып кетеді. Елді қорғайтын - осындағы ұйғырлар, кәрістер мен орыстар». Енді осындай пікір білдірген адамды қазақтың мұң-мұқтажын айтатын азамат деп қалай ғана ойлайсың? Дей тұрғанымен кейбір қазақтар мұның азаматтық қоғам, адам құқықтары деп, мүдделеріңді қорғаймын деген арзан сөзіне әлі де сеніп жүр. Қазақ туралы жоғарыдағы пікірді білдірген адам ешуақытта қазақтың мұңын жоқтамайды. Осыны бек түсіну керек. Қазақтың намысына тиіп, қазақтың беделін түсіріп, қазақтың арасында алауыздық тудыратындай іс істеп жүрген азаматты қолдау, оның сөзіне сену бұл – ұлтқа жасалған нағыз қиянат.Осы мәселе бойынша қоғам болып реакция білдіру аса маңызды деп санаймын. Бұл қазақты масқаралаудан бөлек мұсылмандарға да кір келтіруді бастаған. Ресми Муфтиятқа қарсы арнайы түрде ешкімге түсініксіз Қазақстан Мұсылмандар Одағын құрып алған. Әрдайым сол ұйым атынан түкке тұрғысыз, арзан, саяси жарнама үшін пікірлер білдіріп жатады. Бұл - дегеніңіз еліміздің мұсылмандары қазақты масқаралайтын сөз айтып жатыр деген сөз. Өзінің не діни сауаты да жоқ. Ендеше, мұндай адам қалайша мұсылмандар басшысы болмақ? Қазір нешетүрлі секталар қаптап кетті. Мұның барлығын бақылауға алу қажет. Муфтият өкілдері бұл ұйымға қатысты нақты ойын айтқан екен. Дәлел ретінде келтірсем, ҚМДБ-ның бұрынғы баспасөз хатшысы Оңғар Өмірбек өз мақаласында бұл ұйымға мынандай анықтама берген: «Біз 2001 жылдан білетін М. Телібековтің соңғы он жыл бедерінде бармаған жері, баспаған тауы, шықпаған төбесі қалмаған еді. Кезінде «Шахар» телеарнасында жүрді. Одан соң өзін «Қазақстан мұсылмандар одағының төрағасы», артынша көп ұзамай оған: «Орта Азия және Қазақстан мұсылмандарының құқын қорғау ұйымының президенті» деп жариялап, қол қойған шимай-шатпақтары әсіресе, орыс тілді мерзімді басылымдарда жарық көре бастады. Себебі, өзі орыс тілді. Арагідік «пәтуә» да беретіні бар. Шариғат бойынша пәтуәны мүфти беруге тиіс. Оның ешқандай діни білімі жоғы өз алдына, өзін-өзі «Қазақстан мұсылмандар одағының төрағасымын» дейтін одағы заңды түрде тіркелмеген. «СМК» қайырымдылық қоры мұнан біршама бұрын Алматы қалалық әділет департаментінде тіркелгені рас. Ал оның жарғысында діни бірлестік екені көрсетілмеген. Тек қайырымдылық іс-шаралармен шұғылдануы тиіс. М. Телібеков болса, тіпті осы қордың құрылтайшыларының құрамына да енбеген» «М. Телібеков сонау «Шахар» телеарнасында жүргелі бері бүкіл Ислам ғұламалары бір ауыздан «Исламға жатпайды» деп шешім шығарған «ахмадия» сектасын баспасөз арқылы насихаттап, таратуға аз үлес қоспады. Былайғы жұрт оны осы іс-әрекетіне қарап, сол ағымның жыртысын жыртып, насихатын жүргізуші деп біледі. Халыққа түсінікті болу үшін ахмадия сектасын, туралы аз-кем түсінік берелік. Бұл сектаның негізін Үндістанда 1839 жылы дүниеге келген Мырза Ғұлам Ахмад әл-Қадияни қалаған. Ол өзін ақырзаманда келетін Иса Мәсихпын, тіпті пайғамбармын деп жариялаған. Жамағаты Қағбаға емес, оның туылған жері Қадияниға қарап намаз оқиды әрі мұның шимай-шатпағын қасиетті Құранның жалғасы деп түсінеді. Басқа да адасушылықтарын айтпай-ақ қойғанның өзінде осыған сеніп, амал етушілік діннен шығуға жеткілікті. Ал, осы теріс сектаның жыртысын жыртып, насихатын жүргізушіні мұсылман деуге бола ма?!» Сонымен қатар, ұйым мүшелерінің нақты саны да жоқ. «Мені 528 494 адам қолдайды, сенбесеңіз, Қазақстанды аралап, санап шығыңыз, мен оларға құжат, куәлік те, ақша да бермеймін, тіркемеймін де» деп пікір білдірген. Жалғыз өзі ғана жүріп, бүкіл мұсылмандар атынан сөйлейді. Бұған тоқтам керек. Құзырлы орындар осы ұйымның жұмысын тексеріске алу шарт. Ал Телібеков болса, соңғы кездері енді «азаматтардың құқығын қорғаушы» рөліне кіріпті. Алматы қаласының тұрғындарының «мұң-мұқтажын» билікке жеткізу үшін әкімдіктің алдында шеру ұйымдастырмақшы болған. Сол үшін түрмеде отырып шығыпты. Сонысын ерлікке балаған адамдар оның айтқанына қайта сене бастаған. Қолдайық, қорғайық деген пікірлер айтылып жатыр. Оның барлығы арзан атақ пен танымалдылық үшін жасалып жатқаны түсінікті емес пе? Мұның арты жақсылыққа апармайды. Дегенмен, Телібеков өз дегеніне жеткен екен. Ол не дейсіз ғой?! Баяғы арманы  теледидарға шығу, өз бағдарламасын ашу. Қысқасы, барлық орындардан жұмыстан қуылған соң, жаңа нан табатын орын таппақшы. Алматы әкімдігі тарапынан келісім алып, «Алматы» телеарнасынан арнайы жобасын ашпақ көрінеді. Бізге жетпегені осы болып тұр енді? Қазақты масқаралап, ұлттық намысына тиген адамға мемлекеттік арнадан эфир берілмеуі қажет. Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасы өзінің пікірін міндетті түрде білдірген жөн. Онсыз да осыған дейін нақты қарсылық білдіріп, істің соңына дейін табандап көрген жоқ. Қазақтың намысын қорғап жүрген ұлт зиялылары бұған қарсылық танытуы тиіс. Менің осы ойым әкімшілік қызметкерлеріне жетіп, Алматы әкімдігі бұған жол бермейді деп үміттенемін. ЖҰМАБЕК АШУҰЛЫ, Республикалық саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы Abai.kz *Тақырып өзгертілді