SOS !!! Апат аймағынан суыт хабар-5

 

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының

орталығы Жосалыдан суыт хабар!!!

 

2013 жылдың 4 шілдесінде кешкі сағат 20.40-та редакцияға Жосалыдан отыз үш жастағы, төртінші баласына аяғы ауыр Жанар Мырзаханова қарындас телефон шалып:

-Аға, біз не істейміз? Қараптан-қарап өлетін болдық қой. Бүгін үшінші күн аузым кеуіп, жүрегім айнып, қайта-қайта құсқым келе береді.

-Қарындасым, дәрігерге қаралдыңыз ба? Олар не дейді?

-Дәрігері құрысын, біз сияқты сүйеушісі жоқ жандарды қайтеді Олар. Біз осылай орыс ракетасының уынан қырылып қалсақ та, оларға бәрібір.

-Енді не істемек ойыңыз бар? Кімге, қайда арызданбақшысыз?

-Бізде өкімет жоқ, тек сіздерге ғана арыздана аламыз. Тым құрыса, мына сіздер арқылы дүние жүзінің халықтары орыс уынан қырылып жатқан біздің мүшкіл қалімізді білсін. Бұл өтірікші өкімтке әбден тойдық. Осы орыс уынан өлсем де мына маған бәрібір сияқты,-деген жас келіншек телефон құлағының ар жағынан  солқ-солқ етіп, жылап жібергендей естілді...

Қайран қазағым-ай, мына  дінсіз, тіпті, тілсіз қазақстандық билікке әбден тойған шығарсың? Басқасын қойғанда мына гептильге уланып жатқан Қызылорда халқының ауыр жағдайы оларды ойлантпайтын да сияқты... 

 

Жұмаш КӨКБӨРІ,

04.07.2013 жыл, сағат түнгі 22.25.

www.qazaquni.kz