SOS!!! Байқоңырдан суыт хабар-4! «Бүкіл отбасы аурып жатыр!..»

 

2013 жылғы 4-шілдеде кешкі сағат 19.30-да Қызылорда облысы Жосалы поселкесінен төрт баланың анасы, батыр ана Гүлдана Қасымова маған телефон шалып: -Жұмаш аға, мына Байқоңырдағы «Протон-М» змыранының жарылысынан кейін үш күн болды басым сынып ауырып, жүрегім айниды. Сіңлім Арайлым да дәл мендей қатты ауырып жатыр. Анам Бақытгүл Ишетова, жиырма жастағы қызым Айдана да дәл мендегідей дертпен ауруда. Бізді қарайтын дәрігер де жоқ. Ешкім мән бермейді. Өзім болсам төрт баланы жалғыз бағып отырмын. Ата-анам үйімнің қасында тұрады. Өзім жұмыс істемеймін. Қайда барып қараларымды да білмеймін. Қазір бәрін ақша шешеді. Ал, менде ол жоқ. Айтыңызшы, бізге үкімет тарапынан көмек болар ма екен?-деп жылап жіберді. Мен не дерімді білмей, үнсіз қалдым. Қайран қазақ, ай мен күннің аманында орыс ракетасы зардабынан баудай түсіп жатыр. Билік әзірге үнсіз...  

Жұмаш КӨКБӨРІ,

04.07.2013 жыл.

www.qazaquni.kz