SOS!!! ХАЛЫҚ ҮРЕЙ ҚҰШАҒЫНДА! Байқоңырдан шұғыл хабар-2!

2
1124

Ол жақтан алғашқы суыт хабарды кеше, 03.07.2013 ж. www.qazaquni.kz  сайтында хабарлаған болатынбыз.

Бұл сол жақтан алынған 2-ші суыт хабар!

Байқоңыр ғарыш айлағындағы төтенше жағдайды білу үшін бүгін, яғни, 04.07.2013 жылы күндізгі сағат 14.00-де Байқоңыр қаласында тұратын бұрынғы «Азат» қозғалысының белсендісі – Аралбай Сатыбаевпен телефон арқылы хабарласқанымда, ол азамат:

-Қазір ешкім үйден шықпайды. Ел үрей құшағында. Осы жарылысқа байланысты ауырған, сырқағандар бар екенін естідім. Қазір елдегі жағдайды біліп болмайды. Халық – қатты қорқып қалған сияқты. Бірақ, олармен тілдескен емеспін. Осы өңірдегі ракета жарылысынан кейінгі ел ішіндегі жағдайды білу үшін Мұхтар  Тайжан келе жатыр деп естідім. Қазір соны күтіп алу қамындамын. Сағат Жүсіп ауруханада жатса да, елдегі жағдайды жіті бақылап отыр.

Айтпақшы, Жұмаш мырза, 02.07.2013 жылғы Байқоңыр қаласы әкімшлігі таратқан екі бірдей хабарламаны қазір оқып беремін, жазып ал,-деді. Мен жазып алдым.

Байқоңыр қаласы әкімшілігі таратқан бірінші хабарлама (орысшадан аударған автор):

«Ғарыштық ракетаның құлауына байланысты ғарыш айлағында  толықтай жанып бітпеген ғарыш кемесі жанармайынан пайда болған қою түтін Байқоңыр қаласына, Ақай ауылына, Төретам маңына қарай жылжып келеді.

02.07.2013 жылғы сағат 10.00-ден тұрғындардың үйлерінен шықпауын сұраймыз. Терезелер мен есіктер мықтап жабылсын.

Байқоңыр қаласының әкімшілігі,

02.07.2013 жыл.»

 

Байқоңыр қаласы әкімшілігі таратқан екінші хабарлама:

«02.07.2013 жыл, сағат 12.00.

Құрметті Байқоңыр қаласының, Ақай және Төретам поселкелерінің тұрғындары!

«Протон-М» ракета тасушы ракетаның құлап, оның жарылуына байланысты қалада жарияланған төтенше жағдай өз күшін жояды. Кәсіпорындар, ұйымдар және қаланың барлық тұрғындары күнделікті жұмыстарымен айналыса берулеріне рұқсат етіледі.

Байқоңыр қаласының әкімшілігі,

02.07.2013 жыл. Сағат күндізгі 12.00»

Міне, Қызылорда өңіріндегі ауыр жағдай осындай. Орыс десе, үрейлері ұшатын біздің бейшара билік әлі бұғып отыр. Ана Талғат Мұсабаев дегенің тіпті, «жарылыстан ешқандай хауіп жоқ» деп аналардың астына кіріп кетуге даяр отырғанын көрсетті. 

Қашанғы біздің қазақ, мына орыс отарлаушыларының алдында тым әлсіз әрі сондай бейшара күйдегі дәрменсіз, кілең бір құл-құтандардан тұратын, бөтен тілде шүлдірлегіш тексіз биліктен жапа шеге бермек?..

 

Жұмаш КӨКБӨРІ,

04.07.2013 жыл.

www.qazaquni.kz

2 ПІКІРЛЕР

  1. Не айтатыны бар әлі күнге қазақ орыстардың отарында. Тәуелсіздік алып, кеудені көтергенмен бас көтере алмаймыз.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз