SOS!!! Байқоңырдан шұғыл хабар! "Терезе ашуға, сыртқа шығуға болмайды!.."
2013 ж. 04 шілде
1968
3
Белгілі саясаткер Сағат Жүсіп біздің редакциямызға хабарласып:
-Қазалы, Төретамда әнеу күнгі ракета жарылысынан кейін, көптеген адам мұрнынан қан кетіп, ауыр қәл үстінде жатыр дейді. Мен өзім ауруханада жатырмын. Ана Мағрифаға, Серік Жәдиге, Феруза Шындауоваға, Аралбайға хабарлас.-деген соң мен шұғыл түрде Батырхан марқұмның қарындасы Мағрифаға, Серік Жәдиге, Аралбайға телефон шалдым. Серік, Астанаға кетіпті. Аралбай алмайды.
Мен сөйлескен Байқоңыр ғарыш айлағының тұрғыны Феруза Шындауова:
-Сол күні, 2 шілде күні таңертеңгі 9-да ракета 81 метр биіктіктен құлады. Аспанды жауып қалған қызыл түтінді бәріміз көрдік. Менің туыстарым сонда жұмыс істейді. Сол күні оларды үйге қайтарды. Терезені, желдеткішті ашпаңдар, далаға шықпаңдар,-деп радиодан, телеарнадан хабарлады. Мен қазір Қызылорда қаласындамын. Елдің жаппай қан құсып жатқанынан хабарсызбын. Менің бар білетінім осы,- деді.
Алда Қызылорда өңірінен суыт хабар болса, қолма-қол сіздерге жеткіземіз!!!
Жұмаш КӨКБӨРІ,
03.07.2013 жыл кешкі сағат: 21.03.
www.qazaquni.kz