SOS!!! Байқоңырдан шұғыл хабар! «Терезе ашуға, сыртқа шығуға болмайды!..»

3
1364

 Белгілі саясаткер Сағат Жүсіп біздің редакциямызға хабарласып:

-Қазалы, Төретамда әнеу күнгі ракета жарылысынан кейін, көптеген адам мұрнынан қан кетіп, ауыр қәл үстінде жатыр дейді. Мен өзім ауруханада жатырмын. Ана Мағрифаға, Серік Жәдиге, Феруза Шындауоваға, Аралбайға хабарлас.-деген соң мен шұғыл түрде Батырхан марқұмның қарындасы Мағрифаға, Серік Жәдиге, Аралбайға телефон шалдым. Серік, Астанаға кетіпті. Аралбай алмайды.

Мен сөйлескен Байқоңыр ғарыш айлағының тұрғыны Феруза Шындауова:

-Сол күні, 2 шілде күні таңертеңгі 9-да ракета 81 метр биіктіктен құлады. Аспанды жауып қалған қызыл түтінді бәріміз көрдік. Менің туыстарым сонда жұмыс істейді. Сол күні оларды үйге қайтарды. Терезені, желдеткішті ашпаңдар, далаға шықпаңдар,-деп радиодан, телеарнадан хабарлады. Мен қазір Қызылорда қаласындамын. Елдің жаппай қан құсып жатқанынан хабарсызбын. Менің бар білетінім осы,- деді.

Алда Қызылорда өңірінен суыт хабар болса, қолма-қол сіздерге жеткіземіз!!!

Жұмаш КӨКБӨРІ,

03.07.2013 жыл кешкі сағат: 21.03.

www.qazaquni.kz

3 ПІКІРЛЕР

  1. Қазақ өте жуас халықпыз ғой, алла жар болсын, ешкімге зияндығымыз жоқ пендеміз, біздің қолымыздан ештеңе келмейді,
    кінәлі адамдардың жазасын алла берсін.Мына дуниеде куліп журе береді ,ана дуниеде оларды не кутіп тұр.Бұл қысқа сынақ өмір екеніне толық сенемін.

  2. ресейдің сынақ алаңына айналдық. оған етіміз өліп кеткелі қашан? қашан ел болатынымызды… жоғарыдағылар не қарап отырғанын білмеймін…

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз