Министрлер Қаппаров, Досаевтар мүгедектер мен әйелдердің нанына ауыз салуда...

Олар «обып жатыр, асап жатыр» дейді жиынға қатысушылар..

Біздің мемлекетімізде қолында билігі барлардың  көбісі  өзара сыбайластар және кеміргіштер тобына жататындай әсер етеді. Билік атты алып пирамиданың  (қасиетті Сары Арқаның төсінде соның бірі тұр) іші толы термид іспетті кеміргіш құрттарға толып кеткендей ме, қалай? Олар көздеріне түскеннің бәрін де кеміріп жеп, тауысуға таяған сияқты. Оларда тойым деген ұғым атымен жоқ сияқты. Мақсаттары - жей беру, асай беру, соңдарында түк қалдырмау. Оларда ұят, нысап  деген түсінік болмайды. Төңірегінде түк қалдырмай, обып жатыр. Тексіз, дінсіз, тілсіздер – қарапайым халықты адам ғұрлы көрмейді, бұрын да көрген емес. Бір сұмдығы, бұларда «тойым» деген болып көрмеген. Бір қызығы, олардың барлығы да  өзіміздің қара көз қазақтар, бірақ, «қазақ» деген сөзден жиіркенетіндер, өздерін орыстың құлдары санайтындар. Бір сөзбен айтқанда, кілең бір құл-құтандар өріп жүрген... Дүниедегі ең сорлы тап – құл-құтандар. Оларда ұят та, нысап та, тойым да, ең ақырында «Тек» деген де болмайды әрі болған емес. 1917 жылы Қазан төңкерісімен билікке келген, біліктілер мен білімділердің көзін жойған ұры-қары, құл-құтан, қарақшылардың бүгінгі төртінші немесе бесінші ұрпақтары – міне, бүгінгі өздері сүйіп айтатын «қазақстандық» биліктегілер осылар дер едім. Олар ең алдымен қазақ тілін менсінбейтіндер, тек, орыс тілінде шүлдірлейтіндер. Турасын айтқанда, олар ұлт сатқындары! Сөзім жалаң болмас үшін басқасын қоя тұрып, бір ғана мысал келтірейін. Кеше, 2013 жылдың 25 маусымында Алматы қаласындағы аты белгісіз бір баспасөз клубында аздап болса да нәпақаларын айырып жүрген әйелдер, бала-шағалар, Ауған соғысының мүгедектері журналистермен кездесу өткізді. Ортаға шығып сөйлегендердің барлығы да министрлер: Нұрлан Қаппаров пен Ерболат Досаев дегендердің Алматы қаласының әкімімен ауыз жаласып, қаладағы 1500-ден астам аялдамаларды тартып алып жатқандарын ашына айтты. Қаншама қалалықтар – ана мешкейлердің қолымен сыртқа лақтырылып тасталды екен? Ең алдымен қаламыздағы аялдамалардың барлығы дерлік, қарапайым халықтың бір тобының жұмыс орны екен. Олар онда дәмханалар, дүкендер, басқа да халыққа қызмет көрсету түрлерін ашып, өз күндерін өздері әупіріммен  көріп жүрген. Енді келіп, онсыз да шылқыған бай, бай ғана емес шеттерінен миллиардерлер - Қаппаров пен Досаев дегендер солардың  бір жапырақ нандарына ауыз салыпты. Бұл байшікештерде ұят та, нысап та жоқ екен. Баспасөз мәслихатында шығып сөйлеген әлгі бір қарапайым халықтың мұң-зарын тыңдап отырып, төбе шашыңыз тік тұрады. Бұл кілең бір құл-құтандардың ұрпақтарынан тұратын байшыкештер – адам баласын аяуды қойып, оларды тентіретіп жіберуге кіріскендей әсер етеді. Бұл туралы алғаш "Қазақ үні" газеті "Рейдерство по алматински" деген мақалада  http://www.qazaquni.kz/16370.html    мәселе көтерген де еді... Ана Нұрлан Қаппаров пен Ерболат Досаевтың таза жолмен байымағандары анық. Және олардың арғы ата-бабаларынан бұларға мұраға түк те қалмағаның бәріміз білеміз. Олардың дені  қандай  жолымен байығандарын бүгінде жұртшылық ашық айтып жүр. Ана Ерболат Досаев дегеннің бір жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында СПИД ауруының тарағанына жол бергенін жұрт әлі ұмыта қойған жоқ. Ал министр Қаппаровтың аты кеше www.qazaquni.kz сайты жариялаған, халықтан жымқырған байлығынан ең болмаса мемлекетке салық та төлегісі келмей, шетел офшорына тығылғандардың бел ортасында жүр  http://www.qazaquni.kz/17012.html Бұл екі министрдің меншігінде:  РТС Деко, Jcdecaux Asie Holding, AO Lancaster Grup Kazakhsnfy деген сияқты атынан ат үркетін холдингтер бар. Бұл олардың байлығының бір пұшпағы ғана. Олардың барлығы да шетелдердегі офшорларға тіркелген. Яғни, олар Қазақстанға көк тиын да салық төлемейді деген сөз. Осыны көріп, біліп отырған мемлекет басшысының не ойлағаны бар екен?.. Баспасөз мәслихатының соңында жиналыс өткізгендер ҚР президенті Н.Назарбаевтың атына ашық хат жолдады. Мұндағылар бұдан бұрын да осы мәселе жөнінде Елбасына ашық хат жолдаған көрінеді. Оларына жауап болмаған. Бұл жолы да  жапа шегушілер тек үмітсіз-шәйтан дегеннің кебін кигендей... Бұл дүние не болып барады, өзі...  

Жұмаш КӨКБӨРІ

www.qazaquni.kz

26.06.2013 жыл.