Мұражайдағы көне мысырлық мумияға жан бітті

2
1443
АСТАНА. 25 маусым. ҚазАқпарат – Ежелгі мысырлық мүсін Ұлыбританиядағы Манчестер мұражайының қызметкерлерін әбігерге түсірді. Біздің заманымызға дейінгі шамамен 1800 жылы жасалған, биіктігі 25 сантиметр болатын мүсін ешкімнің көмегінсіз, яғни өзі 180 градусқа бұрылған, деп хабарлайды vesti.ruМүсін үш күн бойы қозғалып тұрған. Бір қызығы, мумия түнде тыныш тұрады, ал күндіз ақырын-ақырын айналады. Мүсіннің қозғалысы бейнебақылау камерасына түсіріліпті.Ғалымдар бұл феноменнің себебін түсіндіре алмай әлек. 1920 жылдары Мысырды зерттеген ғалымдар молаларда жұмыс істеген кез келген адамды «перғауындардың қарғысы атады» деп сенген.Аталған мүсіннің қозғалуына Оксфорд Роудтағы мұражайдың тәлімгері Кэмпбелл Прайс куә болған. «Бір күні қарасам, мүсін теріс қарап тұр. Мен қатты таңғалдым. Өйткені мүсін шыны сөреде тұр, ал оның кілті менде ғана бар, – дейді Прайс. – Мен мүсінді орнына қойдым. Бірақ ертеңгі күні ол тағы теріс айналып тұрды. Сосын камера орнаттық. Бір қарағанға көрінбесе де, анықтап қарасаң, мүсіннің әлсін-әлсін қозғалатынын көруге болады».

2 ПІКІРЛЕР

  1. Бұл таң қалатын құбылыс емес! Себебі, бұл әлемде жанөжануар, табиғат және бізден басқа жаратылыс иесі бар. Оны Алла тағаланың өзі айтып тұрсада адамдар еш құлақ аспайды. Негізгі үш жаратылыс бар. Олар: періште, жын және адам. Періштені нұрдан жаратқандықтан ол көзге көрінбейді және қандайда бір бейнесі де жоқ. Ал, жжын оттан жаратылған. Оның да көзге көрінбейтіні сондықтан. Адам баласы белгілі, топырақтан жаратылғанбыз, мұны ғалымдар әлде қашан зерттеп, адам денесінде топырақ құрамы көп екенін білген.
    Ал, жоғарыдағы негізгі тақырыбымызға келсек, жанағы мүсінге жан бітіпті деген сөз таяз ойлайтындардың әңгімесі, оны жылжыту тек жоғарыда мен айтқан үш жаратылыстын қолынан ғана келеді (бұл тұста Алла және жан жануардан басқа) Оны періште істемесі анық, Өйткені періште Алла рұқсатынысыз ала жіпті аттамас жаратылыс иесі. Ал жын істеуі әбден мүмкін. Себебі олар мінез құлық жағынан адамарға ұқсас болып келеді. Оларда мұсылман және мұсылман емес болып, отбасы құрып, балашаға өсіреді. Олар 300-400 жыл өмір сүреді. Оларда адам сияқты біреуді мазақ етеді, қасақана тиіседі, ашуландырады. Олардың негізгі мекені адамнан жырақ жерлер, әжетхана мен монша, кафе жалпы лас жерлерді мекендеушілер мен таза жерді мекен етушілер болып келеді. Сондай ақ иманы әлсіз, лас, жиі ішімдік ішетін адамдардың ішінде де өмір сүреді. Яғни Алла адамға денені қалып ретінде бердіғой. Бұл адам денесінің ішінде адам жанымен қатар жында кіріп өмір сүре алады. Адам жаны дда жын да көзге көрінбейтін жжаратылысқой. Сондықтан жанағы өзім секілді мұражай қызметкеріне айтарым таза жүріп, Аллаға мінажат ету қажет. Жын дегеніміз адамдыы адастырады. Жындар өте кекшіл келеді. Олардан абай болу керек. Егер діни білімін жоғары болмаса олармен ерегісіп әуре болмау қажет. Тек өзін иманды болып жүрсен тиіспейді. Арыс мұражай қызметкері Қанат Амербеков

  2. Аталған мүсіннің қозғалуына Оксфорд Роудтағы мұражайдың тәлімгері Кэмпбелл Прайс куә болған. «Бір күні қарасам, мүсін теріс қарап тұр. Мен қатты таңғалдым. Өйткені мүсін шыны сөреде тұр, ал оның кілті менде ғана бар, – дейді Прайс. – Мен мүсінді орнына қойдым. Бірақ ертеңгі күні ол тағы теріс айналып тұрды. Сосын камера орнаттық. Бір қарағанға көрінбесе де, анықтап қарасаң, мүсіннің әлсін-әлсін қозғалатынын көруге болады».

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз