Алматылық ару арын 10 мың долларға сатпақ...

19 Маусым 2013
Астана. 19 маусым. Baq.kz – Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын студент қыз 10 мың доллар үшін пәктігін сатпақшы. Ол түскен ақшаны жетім балаларға үлестірмек көрінеді, деп жазады Life News.
20 жасар студент хабарламаны медициналық сайттардың бірінде жариялаған. Ол балалар үйіндегі жетімдерге жаны ашығандықтан бұл қадамға бармақшы-мыс. «Өз шәкіртақымның бір бөлігін, тіпті жинаған қорымды да беруге дайынмын, алайда бұл ақша балаларға жетпейді. Біздің отбасымызда менен басқа бала жоқ, ал ананың мейірімінен мақұрым қалғандарға шынайы жаным ашиды. Сондықтан мен өз пәктігімді сатуға бел будым, бұған қоса менің жігітім де жоқ» дейді ол. Студенттің есебі бойынша бұл ақша кемінде 50 баланы жазғы сауықтыру лагеріне жіберуге жетеді екен. Ол хабарламаны бар-жоғы екі күн бұрын жазған, сол уақыттан бері телефонға бір тыным болмаған. Қыздың айтуынша, хабарласқандар онымен дөрекі сөйлескен. Сондықтан ол өзіне ұнаған адамды ғана жанына жолатпақ. Бұл сұмдық жағдай жөнінде қыздың ата-анасы әзірге хабарсыз. Өйткені мұсылман отбасыдан шыққан қыздың ет жақындары бұл ісіне разы болмасы, тіпті рұқсат бермесі анық. Алайда, қыз бұл қайырымдылық істі соңына жеткізбейінше алған бетімнен қайтпаймын, деп нық бекініп отыр. О заман да, бұ заман, мұндай сұмдық жайтты интернет бетіне жариялау құптарлық іс емес. Ғаламторға жариялау былай тұрсын, тіпті ойға алудың өзі қазақ қызының инабаттылығына сын әрі қалың қазақ жұртына абырой әкелмесі анық. Сондықтан, осынау бойжеткенімізден бұл алған бетінен қайтуды сұраймыз.