Алматылық ару арын 10 мың долларға сатпақ…

22
2900

19 Маусым 2013

Астана. 19 маусым. Baq.kz – Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын студент қыз 10 мың доллар үшін пәктігін сатпақшы. Ол түскен ақшаны жетім балаларға үлестірмек көрінеді, деп жазады Life News.

20 жасар студент хабарламаны медициналық сайттардың бірінде жариялаған. Ол балалар үйіндегі жетімдерге жаны ашығандықтан бұл қадамға бармақшы-мыс.
«Өз шәкіртақымның бір бөлігін, тіпті жинаған қорымды да беруге дайынмын, алайда бұл ақша балаларға жетпейді. Біздің отбасымызда менен басқа бала жоқ, ал ананың мейірімінен мақұрым қалғандарға шынайы жаным ашиды. Сондықтан мен өз пәктігімді сатуға бел будым, бұған қоса менің жігітім де жоқ» дейді ол.
Студенттің есебі бойынша бұл ақша кемінде 50 баланы жазғы сауықтыру лагеріне жіберуге жетеді екен. Ол хабарламаны бар-жоғы екі күн бұрын жазған, сол уақыттан бері телефонға бір тыным болмаған.
Қыздың айтуынша, хабарласқандар онымен дөрекі сөйлескен. Сондықтан ол өзіне ұнаған адамды ғана жанына жолатпақ.
Бұл сұмдық жағдай жөнінде қыздың ата-анасы әзірге хабарсыз. Өйткені мұсылман отбасыдан шыққан қыздың ет жақындары бұл ісіне разы болмасы, тіпті рұқсат бермесі анық. Алайда, қыз бұл қайырымдылық істі соңына жеткізбейінше алған бетімнен қайтпаймын, деп нық бекініп отыр.
О заман да, бұ заман, мұндай сұмдық жайтты интернет бетіне жариялау құптарлық іс емес. Ғаламторға жариялау былай тұрсын, тіпті ойға алудың өзі қазақ қызының инабаттылығына сын әрі қалың қазақ жұртына абырой әкелмесі анық. Сондықтан, осынау бойжеткенімізден бұл алған бетінен қайтуды сұраймыз.

22 ПІКІРЛЕР

  1. уяттан безген!балага шын жаны ашыса.соларды апарып баксын.ойтип арын сатканша. Мына кызга айтарым озин ушин .казак кыздарынын бетине кара жаппа :zhlau:

  2. Бұл қыздікі дұрыс емес арине.Дегенмен, жоғарғы жаққа айтылған сын болар.Ия ата-анасының қамқорлығынсыз өскен балаларға меніңде жаным ашиды.Бірақ мен арымды сатпаймын. Ойлану керек! Дегенмен де елімізде жетім балдардың саны өсіп бара жатқаны анық

  3. бұл қыздың жасағалы отырған әрекеті қаншалықты «жетімдерге жаны ашығандық»-деп өзі айтып отырғанмен, ешқандай ақылы дұрыс адамның әрекеті емес.Ойлану керек,мүмкін оның ақыл-есі кеміс шығар.Басқаша түсіну мүмкін емес.

  4. Арын сатып салган акша балаларга кесир т тимесе пайдасы тимес.Арсыз барлык казак кыздарынын абыройын тусырып…

  5. Жетімдерге жаны ашымаған намыссыз, ақшасы көп (белі ауырып таппаған), қатынқұмар еркектер некесіз қанша қызды абыройынан айырып тастап кетіп жатқанда, бұл қыздыкі дұрыс та шығар.

  6. Балаларға жаны ашыған болса- болашағын ойласын,келер ұрпаққа өнеге бол! Сол іске орнына Анаңызды қойып көріңіз Қаламайсыз

  7. Бұл бір ақымақтың елді масқаралау үшін эасағаны болар. Қазаққа қарсы жау көп. НУР.КЗ те сүмелектік жолға түскен сыңайлы, не болса соны жариялап. Іріп-шіріген демократия сымақ…

  8. бұл баламыз мақсатты түрде арын сатып отыр.дұрыс та бұрыс жағдай.ал нексіз арын сатып бала туғандарды неге кіналамаймыз.бүкіл қазақ қалаларынан өздерін ұсынған қыздарға жаза жаза жалығып кеттім.мәңгүрт дүниенің мәңкүрт қыздары әр саитта толып жатыр.не істеу керек.шешесі 70 ке келгенше жұмыс істесе әлі бұданда сорақысын көресің, өйткені балаңызды интернет, жезөкшелер үйі, көше, батыс ағымы тәрбиелейді.
    аттан,
    қазақ қарындастың ары үшін,
    Болашақ ұрпағыңның қамы үшін.
    Ана деген аяулы атағы бар-
    Әр отаудың инабатты жары үшін!

  9. Бұдан да өркениетті жолдар бар, қазақтың жанашыр атқамінер азаматтары бар, атың шықпаса жер өртеге жатқызуға болады бұл жағдайды, әйтпесе бар саналы әрекеттің таусылғаны ма, рухани дүниеңнің сарқылғаны ма… Ерлік деп бағалау қиын, шамасы қазақы тәрбие өтпегендік болар… енді келіп арзан тәсілдерге көшіп жатыр. Сондағысы қандай үлгі-өнеге, жарнамалық пен жариялықтың қажеті қанша?!

  10. Қазақ атамыз «Қызға қырық үйден тыйым» деуші еді. Мына жағдай ұлттық арымыз,а дақ, сүйегімізге таңба болатын болды ғой. Ондай опасыз қадамға барма, қарындасым. Әр баланың өз несібесі бар. Ақшадан арың қымбат екенін ешқашан ұмытпа. Жамбыл облысы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз