Отарба Атыраудан Алматыға аттанды

2
1224

  «Атырау-Алматы» бағытына қатынайтын «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған «Сарайшық» жүрдек пойызы 10 маусым күні жергілікті уақытпен сағат 9:00-де Алматыға аттанды.

«Сарайшық» деп аталатын жүрдек пойызы 27 вагоннан тұрады. Жаңа заман талабына сай жабдықталған бұл пойыз Астана қаласындағы «Тұлпар-Тальго» қазақстандық-испандық біріккен кәсіпорнының зауытында құрастырылған.
Вагондар «Жолаушылар тасымалы» АҚ жылжымалы құрамының техникалық ресурсын жаңарту және жетілдіру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында сатып алынған. 2014 жылға дейін аталған зауыт 420 жолаушы вагонын жасап шығармақ.
Бұл пойыздың басқа пойыздардан бір ерекшелігі екі орындық «Гранд», «Бизнес» төрт орындық «Турист», 18 орындық жолаушы вагондары бар. Жол жүрушілерге арналған жуынатын жері мен мейрамханасы бар. «Гранд» санатты вагонда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бір купе қарастырылған. Сондай-ақ, билет құны 18 мыңнан 45 мың аралығында.
Айта кету керек, 2 695 қашықтықты құрайтын Атырау мен Алматы жолын «Сарайшық» жүрдек пойызы 35 сағат 30 минутта жүріп өтеді.
Облыс басшысы Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ, Атырау темір­жолы бөлімінің бастығы Бөріхан БЕРКІМБАЕВ және теміржолшылар «Сарайшық» пойызына сәттілік тілеп шығарып салды.

Елигер ЫРЫС

Атырау облысы

 

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз