БАЙМЕНОВ КЕДЕН ОДАҒЫН ӘШКЕРЕЛЕГЕНІ ҮШІН «КӨКПАР» ХАБАРЫ ЖАБЫЛДЫ...

baymenov

Ұлт мүддесін қорғаған редакторлар...

Ұлттық арнадан қуылуда...

           Таяуда Кеден одағы мәселесі бойынша «Қазақстан» арнасының «Көкпар» хабарында «Ақ жол » партиясының төрағасы Әлихан Байменов Мәжіліс депутаты, «Нұр Отанның» өкілімен сайысқа түсіп, Кеден одағының күмәнді тұстары көптігін, бұл Тәуелсіздігімізге қол сұғу екенін тайға таңба басқандай нақты дәлелдеп берген болатын. Онда ол бүгінгі үкіметтің, Кеден одағындағы біздің делегациямыздың ел мүддесін қорғауда табандылық көрсетпей отырғанын ашық айтты. Біздің редакция ақпараты бойынша 16 наурыз күні «Көкпар» көрсетіле салысымен, Үкімет пен Президент әкімшілігінен нұсқау түсіп, осы хабарды эфирге шығарғаны үшін «Қазақстан» арнасының бас редакторы Асылбек Ықсанов және «Көкпардың» редакторы Нұрлан Әбдібеков жұмысынан қуылыпты. Ұлттық арнадағы ең рейтингі жоғары, көпшіліктің сүйікті хабары «Көкпар» жабылыпты. Содан бері дайын тұрған үш хабар эфирге шыққан жоқ.

           Редакция бұл мәселе бойынша Байланыс және ақпарат министрі А. Жұмағалиевке, Президент Әкімшілігі басшысы орынбасары М. Әшімбаевқа және «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы төрағасы Ж. Омаровқа хат жолдап, жауабын күтуде.

         Белгілі себептерге байланысты ауырып жатқан Н. Әбдібек те, Атырауда жүрген А. Ықсан да әзірше сұхбат бере алмайтындарын білдірді. Біз оқиғаның бас кейіпкері Әлихан Байменовке телефон арқылы хабарласып, пікірін жариялап  отырмыз.

 

Халық үнін білдірген хабарды жабу –

елді егемендік егесі деп танымау...

- Біріншіден, сол «Көкпарда» айтқанды тағы да қайталап айтамын – егемендіктін иесі халық. Ал Кеден одағының комиссиясын құрып, оған баж салығының деңгейін, кедендік тарифтерді белгілеуді өткізгеніміз –егемендікті бөлісу болып табылады. Бұл ақиқатты ешкім жоққа шығара алмайды.

          Сол хабардағы менің қорғаған басты тезисім – егемендікті бөлісуді халықтан жасырып жүргізуге болмайды. Кеден одағы комиссиясы 2009 жылдың басында құрылып, содан бері 14 отырыс өткізіліпті. 14 отырыста 194 шешім қабылданды. Соның қаншасынан Қазақстан халқы хабардар?

         Кеден комиссиясының сайты қазақша аударылмайды. Біздің ешқандай мемлекеттік органның сайтында осы комиссияның ісі туралы толық ақпарат жоқ.

         Екіншіден Кеден одағы комиссиясының хатшысы болып, белгілі Ресей саясаткері, экономисті Сергей Глазьев тағайындалған. Глазьев кезінде Дмитрий Рогозинмен бірге «Родина» атты саяси блокты басқарды. Ол блок Ресейдің ұлттық-патриотық күштерінің басында болды. Хатшылықты Глазьев басқарса, 22 адамның 10 Ресейден, 6 Қазақстаннан болса ол хатшылық өз жұмысында, сөзсіз Қазақстан мүддесін емес, Ресей мүддесін көбірек ойлайды.

          Үшіншіден, кез-келген Одақ бір шартты қажет етеді. Бұл- тараптардың тең әріптестікте жұмыс жасауға дайындығы. Кеңес империясының тарағанына 19 жыл уақыт өтті, Ресейде әлі де болса бізге жоғарыдан төмен қарағысы келетін күштер көп. Осының бәрін ескере келе күмәнді тұстарды сейілтіп,ұлт мүддесі  қорғалуы үшін комиссияның жүмысы да, біздің делегациямыздың жұмысы да жария жүру керек. Не себептен біз Кеден комиссиясы жұмысы туралы ақпарды Ресей баспасөзінен ғана оқимыз? Не себептен Өмірзақ Шүкеев басқарған делегация комиссияның жұмысына қатысып келгеннен соң бір де бір рет баспасөз мәслихатын өткізбейді?

             Осының барлығы айтылғаннан соң, «Көкпар» хабарын жабу – бұл халықты, елді егемендіктің иесі деп танымау. Азаматтар жұмысынан кетіп жатыр деп естіген соң, мен Президент әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің басшысы Дархан Мыңбайға телефон соғып, қалыптасқан ахуалды теріс деп бағалап, өзінің басшыларына жеткізуді ұсындым. Себебі бұл іс Президент әкімшілігінің аралысуымен болып отырғаны мен үшін анық. Жауаптарына сәйкес келер қадам жасармыз. Соңғы кезде ақпарат алаңын балама ойдан ада қылу үрдісі қалыптасып келе жатыр.

         Әкімшілікте идеологияны басқарып отырған жас жігіттер, оқыған жігіттер бұл жолмен елді қайтадан кешегі жиырмасыншы ғасырдың ортасына тартып бара жатқанын ойлануымыз керек. Тарих  алдында  бәріміз жауаптымыз. Тәуелсіздік-басты құндылығымыз деп Президент жолдауында айтылған сөз іспен дәләлденуі қажет. Егемендік пен тәуелсіздікті ортақ перзентіміз,ортақ жауапкершілігіміз деген ұғымды азаматтық ұстанымға айналдырған жорналшыларды жұмыстан қуу- бабалар әруағы алдында күнә, ұлтқа қарсы қылмыс.

Қ.ЖАРЫЛҚАСЫНҰЛЫ

Бет қатталып жатқанда...

Редакцияға телефон соққан Нұрлан Әбдібек бұл мәселе «Қазақстан» телерадио корпорациясы төрағасы Ж. Омаровқа жетіп, қудалаудың тоқтатылғанын хабарлады.

Лайым, солай болғай...

 

 Оқырмандар ойы

 

         Кеден одағына кіру -қораға қайта кіру екенін ең алғаш Астанада партияаралық жиналыста Әлихан Байменов дәлелдеп берді. «Көкпар» хабарында да Әлихан Кеден одағына байланысты билікті өткір сынады. Президент бұл хабарды көріп қалып, министрден, Президент әкімшілігінен бастап, қуырған. Ақыры, Әлиханды шығарғаны үшін «Көкпар» жабылып, бас редакторы Асылбек Ықсанды жұмыстан кетірді. 5 адам қатаң сөгіс алып, жұмыстан оларды да қумақ.Ұлттық концепцияны да алғаш жасаған «Ақ жол». Ұлтшылдар кейін осыны толықтырды. Сонда кімдер билік туфлиін жалаушы? Адам бірнәрсені біліп сөйлеу керек.Жаназа кімге болса да Алладан болады.Мисыз баспен оттай беруді тоқтату керек! Сәкен.

Сізбен толықтай келісемін. Кімнің кім екенін білеміз ғой. Тек жастарды адастырып жүргендер көп. Опық жеп қалмайық........

Сәкен дұрыс айтады. Әлиханды «Көкпарға» түсіргені үшін біздің ұлттық арнадан мықты редактор Нұрлан Әбдібекті кетірді. Рұхсат бергені үшін бас редактор Асылбек Ықсанды да қуды. Ақорданың шала бүлінгеніне қарағанда тереңдігімен,өте сауаттылығымен қазір ең қауіптісі - Әлихан Байменов болып тұр ғой деймін. (Сандықбай.)

– «Саудабаев» дегеннен шығады, осы Қанат Саудабаев жақында «24 сағат бойы тек қазақша көрсететiн 3 телеарна ашамыз» дедi. Сiз телевизияның кәнiгi әрi аса тәжiрибелi маманы ретiнде осының орындалатынына

сенесiз бе?

– Мен екi рет телевизия директоры да болып көрдiм. Қанат Саудабаев қазақ тiлiнде хабар тарататын үш арна ашамыз дедi. Бiрақ, бар арнаны қазақша бағдарламамен қамти алмай отырғанда, үш арнаны қалай ашпақ? Мен осыны түсiнбеймiн!? Бұл арналар жетiлмейдi. Себебi, телеарналар басына қазақы қаны басына шапшыған, ұлттық намысы бар, теледидар жұмысын жақсы бiлетiн азаматтар келмей, телевизия алға баспайды. Министрге хабарластым. Ол тағы да тоқтай тұрыңдар дедi. Содан кешегi желтоқсанға өткiзейiн деп, айтысты дайындап жатып министрге қайтадан хабарластым. Содан кейiн министрдiң көмекшiсi Арман Қырықбаев маған телефон шалды. «Министр сәлем айтты, өкпелемесiн, бiрақ, айтысты тоқтатсын, өткiзбесiн!» дедi деп. Бұл кеше ғана желтоқсандаболған оқиға. Сонымен оны да қойдық. Осылай Қанат Саудабаевтың құжаты мен қысымының арқасында айтыс тоқтатылды.

Abai.kz