Тарихқа арқа сүйемегеннің болашағы бұлыңғыр

   Марат Тәжин, Мемлекеттік хатшы   «Тарихты сақтап қалу – ұлтты сақтап қалудың жалғыз жолы». Елордадағы Еуразия ұлттық университетінде   Қазақстан Республикасының ұлт­тық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген алқа отырысында ҚР Мемле­кеттік хатшысы Марат Тәжин осылай мәлім етті. Мемлекеттік хатшы Елба­сының тапсырмасы бойынша «Тарих толқынындағы халық» деген атпен тарихи зерттеулер­дің арнаулы бағдарламасы жа­салатынын атап өтті. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – Қазақстанның тарих ғылымын алдыңғы қатарлы әдіснама және әдістеме арқылы сапалы жүзеге асыруға жағдай жасау, қазақтың ұлттық тарихының көкжиегін кеңейту, ұлттық жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. «Тарихқа арқа сүйемегеннің болашағы бұлыңғыр. Жер шарында мән-мағына мен құндылықтардың мылтықсыз майданы күн сайын жүріп жатқан қазіргі кезде тарихи жадыны сақтап қалу - жалпы өзіңді-өзің сақтап қалудың жалғыз жолы», – деді Марат Тәжин.

Ақтолқын ТӘЖІК