Тарихқа арқа сүйемегеннің болашағы бұлыңғыр

2
1122

   Марат Тәжин, Мемлекеттік хатшы

  «Тарихты сақтап қалу – ұлтты сақтап қалудың жалғыз жолы». Елордадағы Еуразия ұлттық университетінде   Қазақстан Республикасының ұлт­тық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген алқа отырысында ҚР Мемле­кеттік хатшысы Марат Тәжин осылай мәлім етті.

Мемлекеттік хатшы Елба­сының тапсырмасы бойынша «Тарих толқынындағы халық» деген атпен тарихи зерттеулер­дің арнаулы бағдарламасы жа­салатынын атап өтті. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – Қазақстанның тарих ғылымын алдыңғы қатарлы әдіснама және әдістеме арқылы сапалы жүзеге асыруға жағдай жасау, қазақтың ұлттық тарихының көкжиегін кеңейту, ұлттық жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру.
«Тарихқа арқа сүйемегеннің болашағы бұлыңғыр. Жер шарында мән-мағына мен құндылықтардың мылтықсыз майданы күн сайын жүріп жатқан қазіргі кезде тарихи жадыны сақтап қалу – жалпы өзіңді-өзің сақтап қалудың жалғыз жолы», – деді Марат Тәжин.

Ақтолқын ТӘЖІК

 

 

 

 

2 ПІКІРЛЕР

  1. 12 mausym künı Resei teledidardan » Orda » degen kino körsettı. Ol kinony bızdın qazaqtar da kürdı ğoi. Ony kürgen jastarymyz , sonda qazaqtar sondai jeksuryn eken dep oilap qalady ğoi ! Bız nege Orystarğa qarsy kino şyğarmaimyz . Tarihymyzdy tüzeiık desek ! Qaşanğy solarğa jalpaqtay, solardan jasqanamyz . Bız Tauelsız Elmız be, joq Orysqa BODAN Elmız be !

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз