Адасқан адам – азғын адам

4
1606

…Мен туралы бейпіл ауыз, сүйрең тілдер не айтпады дейсің?!.
Сонда менің көксегенім қалың қазақтың қамы еді… Мұныма мойынсұнбасаңыз – кезкелген уақыттағы, кезкелген мақаламды оқыңыз…
Мақалаларымның мұқымы – қазақтың мұң-қайғысымен қатар, қаупін де сөз етіп, әрдайым ескертумен келеді. Мінеки, сол мол күдігімнің ұшы шықты, құлағы көрінді. Суық тұсымыз – солтүстіктегі сары шаш қоңсымыз туған бауыр, өз қанымызды өзімізге қарсы сөйлетті. Өз қолымызды өзіміз қалай кесеміз?..
Қасиетті Тараз топырағындағы қасиетсіз Ермек Тойчыбеков дейтін бір топалаң «Қазақстан Ресейдің бір губерниясы болуы керек» деген еш дәлелсіз де дәйексіз, сасық сандырағын әлемдік интернет жүйесіне таратып жіберді.
Еркін Қазақ Елінің біреудін қолтығына кіруін сөз ету – ең қымбат қазынамыз – тәуелсіздігімізге қол салу – мемлекетімізге қауіп төндіру болып табылады. Бұл әрекет – білместік емес, қасақана ұйымдастырылған «мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылу» деп бағаланып, шұғыл әрі қатаң жазалануы керек. Ұлтшыл бір бауырым айтпақшы: «Бұл идеологиялық теракт! «
Ақпараттық майдан – бұл да майдан. Ақпараттық майдан – бүгінгі таңдағы ең жылдам, ең әсерлі, ең қауіпті майдан. Сондықтан, «Еліміздегі саяси тұрақтылыққа қауіп төндіріп, арандатуға әрекет жасаған лаңкестік ақпарат құралы» деп танылып, Zonаkz.net сайты мемлекеттік қауіпсіздігімізге қауіп төндірген қылмыстық іс-шарасы үшін қатаң жазасын алуға тиіс.
Сақалы сапсиып, сандалып-сандырақтаған Ермек Тойчыбеков: «Кең көлемді кадрлық тазалық өткізуді бастау қажет. Ресеймен интеграцияға кедергі жасап жүрген шенеуніктерді де, ірі кәсіпкерлерді де «тазалау» керек. Сонымен бірге ұлтараздық және әлеуметтік жік тудырушы адамдарға қатысты да репрессия өткізу қажет» – деген адамзатты жаппай қырып-жоюға шақырған лаңкестік тұжырымы үшін де Қылмыстық кодекстің басқа баптарымен де қосымша сотталуы керек.
Бұл әрекетте басқа ешқандай астар жоқ және болуы да мүмкін емес. Мен күллі қазақ азаматтарын, зиялы қауымды және жастарды, одан қалды мұқым алаш баласын Қазақ Елінің тәуелсіздігіне қауіп төндірген Ермек Тойчыбеков пен оның әрекетін қуана-қолдап, сұқбат алған Zonаkz.net сайтын міндетті түрде жауапқа тартуды қызу қолдап-қуаттауға шықырамын!
Қазақстанды Ресейге қайта жығып беруді аңсайтындар өз ортамызда да, шекараның сыртында да өте көп. Қазақтың ұлттық рухы там-тұмдап тұтанған тұста тату-тәтті өмірімізге сына қағып, жікке бөлуге ұмтылған дұшпандарымыз: «Қазақтар тұрымтай тұсымен, балапан басымен қайғы болып, жан-жаққа босып кетсе» дейтін есекдәмелерінен өлгенде ғана ажырайды…
Дұшпанның аты – дұшпан. Біздің қай­сар ата-бабаларымыз бізді досқа – қайырымды, дұшпанға – қатал болуды үйретті. Сол себепті, аз халықтарды қанауды аңсаумен арам нан соғып, харам сорпа сораптаған «Орыстың қияли шовинистерінің» жалдамалы «жанкештісі» Тайчибековтің арандату пиғылымен, арнайы тапсырыспен айтылған айтағын қазақтың құқық қорғау орындары да терең де тез зерттеп, лайықты бағасын әрі жазасын беруі керек.
Мұхтар Тайжан бауырымыз: «Бұған дейін бар жоғы белгісіз болып келген Тайчыбеков деген кім? Ол – өзі айтқандай, дінсіз адам. Ал, дінсіз адамда қайбір оңған пікір бола қойсын» – деп тоқетерін тура айтыпты. Рас, дінсіз адам – қашанда мұңсыз адам әрі адасқан адам. Ал, адасқан адам –азғын адам. Қабырғалы қазағымды азғынның азасынан сақтасын, Аллаһ Тағалам!..

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА,
Батыс Қазақстан облысы

 

4 ПІКІРЛЕР

  1. Много нормальных казахов в Казахстане. И один из них Ермек. Желаю ему успехов и увеличения количества сторонников.

  2. оян казак!!!

    ПОМНИ ОБ ЭТОМ, КАЗАХ!

    1. За один 19-й век казахи только Младшего Жуза подняли свыше 150-ти восстаний против царизма, которые были утоплены в крови.

    2. 1901 –1910 годы. Русский царь наводняет казахскую степь переселенцами из внутренних губерний России. Казахов сгоняют со своих земель, бросают в тюрьмы, расстреливают.

    3. 1914 –1915 годы. Казахов отправляют на тыловые работы, копать окопы на передовой. Многие не вернулись.

    4. 1916 год. Российское самодержавие потопило в крови национально-освободительное движение казахов, поднявшихся на борьбу с кровавым режимом.

    5. 1918-1920 годы. Казахи гибнут десятками тысяч в Гражданской войне красных против белых.

    6. 1921–1923 годы. От голода погибают полтора миллиона казахов.

    7. 1927–1929 годы. В стране разворачивается борьба под лозунгом «Экспроприация экспроприаторов». Многие бывшие богачи отправляются в ссылку, восстания в степи жестоко подавляются, организаторов бунтов расстреливают.

    8. 1930-1931 годы. Идут аресты и расстрелы видных деятелей партии «Алаш».

    9. 1932-1933 годы. Москва решается на полное истребление казахского народа. Геноцид. Три миллиона казахов погибает от голода. Всего тоталитарной системой истреблено 70% казахского населения.

    10. 1937 – 1939 годы. 66 тысяч казахов объявлены «врагами народа», многие из них расстреляны, репрессированы.

    11. 1941 –1945 годы. Более трехсот тысяч казахов сложили свои головы на фронтах второй мировой войны. Около миллиона детей остаются сиротами.

    12. 1951 –1953 годы. Продолжение политики сталинских репрессий. Вновь казахов расстреливают, бросают в застенки НКВД, отправляют в лагеря.

    13. 1955-61 годы. Закрыто 700 казахских школ. На север Казахстана сгоняют до миллиона переселенцев – русских зеков отбросов общества(отморозки).

    14. 1979 – 1989 годы. Казахи гибнут на чужой для нашего народа имперской захватнической войне в Афганистане.

    15. 1961 – 1984 годы. Рушатся мечети, идет богоборческая кампания, народ теряет свое национальное самосознание, духовность, спивается. Казахский язык задвигается на второй план.

    16. 1986 –1987 годы. Подавлено выступление казахской молодежи на Новой площади в Алматы. Многие его участники репрессированы, отправлены в тюрьмы и лагеря.

    17. 1989-1990 годы. Подавлено выступление молодежи в Жанаозене.

  3. Патриоттығынан Ресейге бағынайық деп отыр ма? Әлде сіздің ойыңызша
    да Қазақстан өз бетінше мемлекет бола алмай ма?

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз