Марченко ең сенімсіз, қабілетсіз, беделсіз басшы болып табылды

ҚР Ұлттық банктің бірінші басшылары рейтингісі

 

ҚР Ұлттық банктің басшылар рейтингісін Дәулет Сембаев, Ораз Жандосов пен Әнуар Сәйденов бастады. Жалпы алғанда, 9 жылдай басқарып келе жатқан Григорий Марченко рейтингтің 4 орынға орналасты.  Мұны сәтсіздік ретінде бағалауға болады. Себебі рейтингтің 5 пен 6 орынды иеленген Ғалым Байназаров пен Қадыржан Дәмитов небәрі бір жыл бойы ғана Ұлттық банктің Төрағасы қызметін атқарды. Қазақстан халқының мойындалуы мен сенім деңгейі бойынша Марченко соңғы орынға (3,28 балл) орналасты.   Ағымдағы жылдың мамыр айында «Рейтинг.kz» Зерттеу агенттігі еліміздің қаржы институты саналатын Ұлттық банктің бірінші басшыларының негізгі кәсіби және іскерлік қасиеттерін объективті бағалау үшін сарапшылық сауалнама жүргізді.   Аталмыш зерттеуді өткізуге 9 сәуір күні өткізілген баспасөз-конференциясында қазіргі Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконың агенттікте қатысты мынадай пікірі түрткі болды: «Это ущербные люди. Как вы будете реагировать, если на заборе напишут ваше имя и еще какую-нибудь гадость через тире? Это такой же уровень и такого же качества эксперты, еще которые имеют нахальство называть себя рейтингом. Я не хочу повышать их какую-то значимость тем, чтобы на это всерьез реагировать. Об них ноги вытирать и то неудобно лично мне»  (http://www.ktk.kz/ru/news/video/2013/04/09/22058 қараңыз).   «Қазақстанның мемлекеттік элитасы жұмысының тиімділігінің рейтингісінде» 20 ең тиімсіз шенеуніктер тобын бастаған Марченко мырзаның жауабы еді (http://agencyrating.kz/rating-effectivnosti-kz/?lang=kz қараңыз). Ұлттық банк төрағасы тиімсіз топқа енуіне мынадай факторлар кірді:  
  • Қоғамда үлкен дүрбелең тудырған әйелдер үшін  зейнеткерлік жастың кейіндетілуі туралы бастаманы көтеруі;
  • Зейнеткерлік жинақтаушылық қор жүйесіндегі қиын жағдай;
  • БТА және Альянс банктеріндегі жағдайды тұрақтандыру бойынша ҚР Президентінің тапсырмасын қажетті деңгейде орындалмауы;
  • Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін  жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында екінші деңгейлі банктерге қажетті бақылау жүргізуде  Ұлттық банктің қабілетсіздігі
  Жоғары лауазымды тұлғаның пікірі жөнсіздігін түсіне отырып, «даладағы балағаттасу» деңгейіне түспес үшін «Рейтинг.kz» Зерттеу агенттігі сарапшылар арасында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 50 қоғамдық-саяси қайраткерлер қатысты (ҚР Парламент депутаттары, бизнес қауымдастығының, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық үрдістерді зерттеп жүрген мамандар).        

ҚР Ұлттық банктің бірінші басшылары рейтингісі

 

Ұлттық банктің басшылары

Қазақстанның қаржылық-банк жүйесін дамытудағы жекелей үлесі Қазақстандық элитасындағы мойындалуы мен орны (қызмет уақытында) Кәсіби ортадағы беделі (қаржыгерлер мен банкирлер арасында) Халық арасындағы мойындалуы мен сенімі (қызмет уақатысында) Кәсіби қасиеттер (білімі, басшылық тәжірибесі және т.б.) Ұлттық банк жұмысын ұйымдастыру Дағдарысқа қарсы басқару қабілеттері Қабылданған шешімдер үшін өзіне жауапкершілікті алу қабілеті Келешегі бар Жалпы рейтингтік көрсеткіш
Ғалым Байназаров (1992-1993 жж.) 4,88 5,14 4,97 4,36 5 4 3,04 3,18 1,1 3,96
Дәулет Сембаев (1993-1996 жж.) 5,62 5,78 5,91 4,94 5,74 5,43 5,1 5,5 1,42 5,05
Ораз Жандосов (1996-1998 жж.) 5,12 5,41 5,72 5,03 5,34 4,9 4,72 4,96 4,12 5,03
Қадыржан Дәмитов (1998-1999 жж.) 2,86 3,46 4,5 4,06 4,98 2,9 2,5 3,06 2,34 3,41
Әнуар Сәйденов (2004-2009 жж.) 3,98 4,21 5,5 4,5 5,14 4,35 4,46 3,56 3,7 4,38
Григорий Марченко (1999-2004 жж., 2009 жылдан бастап) 4,04 4,24 5,2 3,28 5,26 4,42 4,29 3,41 2,12 4,03
  Респонденттердің бағаларына сәйкес, Ұлттық банктің қазіргі және бұрынғы басшылары келесідей рейтингтік орындарға ие болды:
  1. Дәулет Сембаев (5,05 балл).
  2. Ораз Жандосов (5,03 балл).
  3. Әнуар Сәйденов (4,38 балл).
  4. Григорий Марченко (4,03 балл).
  5. Ғалым Байназаров (3,96 балл).
  6. Қадыржан Дәмитов (3,41 балл).
  Рейтингтің көшбасшысы болып 1993-1996жж. аралығында ҚР Ұлттық банкке жетекшілік еткен Дәулет Сембаев танылды.  Сембаев мырза кәсіби қаржыгер болмаса да (мамандығы инженер-металлург), кәсіби ортада оның беделі ең жоғары бағаланды (5,91 балл). Осындай бағаға иеленуі 1999-2011 жж. аралығында «Казкоммерцбанк» ААҚ басшылық құрамындағы қызметі белгілі бір деңгейде әсер етуі мүмкін.   Өзінің кәсіби қасиеттері мен тәжірибесіне (5,74 балл) сүйене отырып, Дәулет Сембаев мемлекеттегі қаржы секторының қалыптасуы мен дамуында үлкен рөл атқарды. Оның Қазақстанның ұлттық валютаға – теңгеге көшу тұжырымдамасын жүзеге асыруға қатысуы баршаға мәлім. Қазақстанның қаржылық-банк жүйесін дамытудағы жекелей үлесі 5,62 балмен бағаланды. Сембаев Қазақстанның алғашқы тәуелсіздік жылдарындағы дағдарыс жағдайында қызмет атқарды. Осыған орай, ол дағдарысқа қарсы менеджер ретінде өзін-өзі көрсете білді. Бұл өлшем бойынша 5,1 балға ие болды. Сембаев тек бір өлшем бойынша – «келешегі бар» соңғы орындарға тұрақтады. Мұндай баға оның 2011 жылы өзінің еңбек қызметінің аяқталуымен байланыстыруға болады.   Рейтингтің жалпы екінші орынды иеленген Ораз Жандосов отандық қаржыгер мен банкирлер арасында жоғары бағаға ие болды (5,72 балл). Қазақстандық элитасындағы мойындалуы мен орны бойынша 5,41 балл алды. Мұндай баға оның Ұлттық банкте төраға болуымен шектелмейді.   Келешегі бар деңгейі бойынша Ораз Жандосов көшбасшы болып танылды (4,12 балл). Оның үстіне 1999-2001 жж. вице-премьер, 2003 жылы ҚР Президентінің кеңесшісі қызметін атқарғанын ескеру қажет. Сарапшылар оның кәсіби қасиеттерін 5,34 балмен бағалады. Ал оның мансаптық өсуіне 2002-2008 жж. уақытында «Ақжол» және «Нағыз Ақ жол» оппозициялық партияларында басшылық құрамында болуы кедергі жасады. Бірақ та, ғылыми-зерттеу саласына кетуі арқылы (қазіргі таңда «Ракурс» экономикалық талдау орталығын басқарып жатыр) оның мансаптық өсуі артты. Бұған «Атамекен Одағы» Ұлттық экономикалық палатасы басқармасының кеңесшісі болып (2011 ж.) тағайындалуы айғақ бола алады.   Рейтингтің үшінші орынға Әнуар Сәйденов орналасты. Бұған қаржылық-банк жүйесіндегі оның мол тәжірибесі әсер етті (1996-1998 жж. аралығындағы ҚР Ұлттық банк Төрағасының орынбасары қызметін қосқанда). Оның кәсіби ортадағы беделі 5,5 балға тең. Ал дағдарысқа қарсы басқару қабілеттері бойынша Сәйденов жоғары бағаланды (4,46 балл). Бұл орайда оның Ұлттық банкке жетекшілік етуі әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыспен (2007 қыркүйек – 2008 жж.) тұспа-тұс келуін ескеру қажет. Ұлттық банк қызметіндегі айқын нәтиже 2008 жылы инфляцияның 20,1%-дан  (жаз айлары) 9,5%-ға (желтоқсан) түсуі бола алады.   Қабылданған шешімдер үшін өзіне жауапкершілікті алу қабілеті бойынша төмен бағаларға ие болды (3,56 балл). Осыған «БТА» банкінде басқарма төрағасы, кейін директорлар кеңесінде қызмет ету кезінде белгілі бір деңгейде әсер етті. 2009 жылы мемлекеттің толық бақылауына кірген аталмыш банктегі жағдайдың дамуы біркелкі емес болып тұрды. Осыған орай, оппозиция мен тәуелсіз сарапшылар, тіпті «Халық банк» басқармасының төрағасы Үміт Шаяхметованың тарапынан сынға ұшырады. Айта кететін жәйт, Сәйденов ағымдағы жылдың ақпан айында «БТА» банкінен кетті. Нәтижесінде оның келешегі орташадан төмен бағаланды (3,7 балл).   ҚР Ұлттық банкінің қазіргі төрағасы Григорий Марченко рейтингтің төртінші сатысына тұрақтады. Барлық өлшемдерден кәсіби деңгей бойынша жоғары бағаланды (5,26 балл). Осы құрылымға жетекшілік ету екі рет бұйырғанын айта кету қажет. Кәсіби қасиеттер мен Ұлттық банк жұмысын ұйымдастыру бойынша басқалармен салыстырғанда үшінші орынды алды. Қалған өлшемдер бойынша өз әріптестерінен төмен тұр.   Мәселен, Григорий Марченко кәсіби ортадағы беделі бойынша төртінші сатыға орналасты (5,2 балла). Жаңалықта ғана Ұлттық банк төрағасының Бірыңғай процессингтік орталық құру туралы бастамасы екінші деңгейдегі банктердің пікірімен келісілмеген. Тіпті, бұл бастама екінші деңгейдегі банктердің басшылары алдына шешім ретінде алдарына қойылды. Ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын мемлекет қармағына беру туралы ұсынысы қаржылық-банк жүйесіндегі қатысушылар арасында қайта бөлісу үрдісіне әкелуі мүмкін. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жеке жинақтаушы зейнетақы қорларының активтері арқасында құрылмақшы. Зейнетақы қорларының акционерлері түрлі екінші деңгейдегі банктер мен басқа да коммерциялық құрылымдар болып табылады. Шынында, БАҚ беттерінде Ұлттық банкінің төрағасы БЖЗҚ жүйесі бойынша бірде қолдаса, бірде қарсы екенін жеткізді. Сөйтіп, бірізділік пен нақты ұстанымның жоқтығы Марченкоға қарсы келуде.   Қазақстандық элитасындағы Марченконың бағасы 4,24 балға тең болды. Оның 2004 жылдың сәуіріндегі премьер министрдің бірінші орынбасары қызметінен кетуі, мәжілісте күтіп отырған ҚР Парламенті Сенатының депутаттары алдына келмеуі өзін элитаға қарсы қоюымен бірдей.   Дағдарысқа қарсы басқару қабілеттері бойынша Марченко бұрынғы үш басшылардан кейінгі орынды иеленді (4,29 балл). 2009 жылдың ақпан айында теңгенің құнсыздануы жағымсыз әсерлерді әкелді. Қаржылық-банк жүйесіндегі мол тәжірибесі мен кәсіби біліктілігіне қарамастан қазіргі төраға экономика мен әлеуметтік салада өзі дағдарысты жағдайды туғыза алады.   Осы орайда Григорий Марченконың екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық салымшыларға қатысты сот шешімдерін қатайту мен әйелдердің зейнет жасын ұлғайту туралы бастамалары халық арасында жағымсыз қабылданып, түрлі наразылық акцияларға ұласты. Сондықтан Қазақстан халқы арасындағы мойындалуы мен сенімі бойынша қазіргі төраға соңғы орынға тұрақтады (3,28 балл). Ал қабылданған шешімдер үшін өзіне жауапкершілікті алу қабілеті бойынша 3,41 балл жинақтаса, ал оның келешегі 2,12 балға тең болды.   Рейтингтің бесінші орнына ҚР Ұлттық банкінің бірінші төрағасы Ғалым Байназаров орналасты. Аталмыш қызметте аз уақыт отыруы оның Ұлттық банк пен Қазақстанның қаржылық-банк жүйесінің дамуы үрдісіндегі потенциалы ашылмады. Оның теңгені енгізуіне басшылық етуіне қарамастан, жекелей үлесі 4,88 балды құрады. Бұл баға Дәулет Сембаев пен Ораз Жандосовтың бағаларынан да төмен. 1993 жылдың желтоқсан айында басшылықтан кетуі және кейін сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілікке күдікті ретінде тартылуы Байназаровтың алдағы мансабына кері әсер етті. Мәліметтер бойынша, оның соңғы лауазымы «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институты экономикалық зерттеулер бөлімінің бас сарапшы болды. Сондықтан Байназаровтың болашақ мансаптық өсуі 1,1 балға тең болуы кездейсоқ емес.   Сонымен, рейтингтің соңғы алтыншы орнына Қадыржан Дәмитов тұрақтады. Респонденттер оның кәсіби қасиеттерін 4,98 балды берсе, ал мансаптық өсуіне 2,34 балды берді. Осы көрсеткіш бойынша басқаларға қарағанда үшінші орынға ие болды. Оның дағдарысқа қарсы басқару қабілеті 2,5 балға тең болды. Қазіргі таңда Қадыржан Дәмитов «Қазақстан қор биржасы» АҚ президенті қызметін атқарып келеді.  

ЖАЛПЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАР

  ҚР Ұлттық банкінің негізгі мақсаттары мен міндеттерінің ерекшілігін  ескере отырып, сарапшылар айқындаған кәсіби қасиеттер (білімі, басшылық тәжірибесі және т.б.) осы мемлекеттік органның бірінші басшысы үшін алғашқы маңыздылыққа ие.   Дегенменде, басқа өлшемдерді ескермейінше, төраға қызметі мен оның нәтижелеріне  объективті баға беру мүмкін емес. Себебі басқа өлшемдер алдында басшының кәсіби қасиеттерінің маңыздылығы жойылады.   Қабылданған шешімдер үшін өзіне жауапкершілікті алу қабілетінің (тіпті, оның кері әсерлері үшін) маңызы зор. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ҚР Ұлттық банкінің бұрынғы үш басшылары мен қазіргі төрағаларының көрсеткіштері орташадан төмен (4 балдан).   ҚР Ұлттық банкінің мемлекеттік орган ретінде қазақстандық қоғам мен республиканың азаматтарының мүдделері үшін қызмет етуін ескеру қажет. «Қазақстан Республикасы Ұлттық банк» туралы Заңда (30.03.1995 ж.)  қаржы қызметті тұтынатын тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету осы органның міндеті болып көрсетілді.   Осыған орай, Ұлттық банк тек жоғары тұрған органдарға ғана емес, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер мен коммерциялық құрылымдарға және республика азаматтарына бағытталуы тиіс. Сондықтан халық арасындағы мойындалуы мен сенім бойынша ҚР Ұлттық банкінің төрағасы жұмысын бағалаудағы негізгі өлшемдердің бірі болуы шарт.   Мұндай жағдай тұлғалардың мансаптық өсуіне, келешегіне әсер етеді (егер де олар жеке банк ұйымдарында қызмет етсе немесе болашақта сол ұйымдарда жұмыс істеуді жоспарласа). Ұлттық банк төрағасы қызметінде атқарған жұмыс деңгейі олардың жеке меншік саладағы жұмысында үлкен рөл атқарады. Қазіргі төраға Григорий Марченконың мәртебесі мен кәсіби қасиеттеріне қарамастан, сарапшылар оның келешегіне төмен баға берді.   Ал оның зейнетке қатысты бастамалары тікелей заңмен анықталған қызмет бабынан шығып отыр. Ұлттық банкті жалпы алғанда тоғыз жыл бойы басқарғаныменде, жекелей үлесі бойынша қазіргі төраға үш экс-басшылардан артта тұр. Осыдан өзінің міндетіне кірмейтін функциялармен айналысатын мемлекеттік органдар мен оның жауапты тұлғалары арқасында осы салаларды дағдарысты жағдайға әкелетінін байқауға болады.   Осыған орай, «Рейтинг.kz» Зерттеу агенттігі республика басшылары мен ҚР Парламентінің депутаттарына ҚР Ұлттық банкінің қызметін реттейтін мынадай өзгертулерді енгізуді ұсынады:
  • әлеуметтік статусына, табыс деңгейіне және т.б. қарамастан, республика азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы негізгі қаржы институтының функциясын кеңейту;
  • аталмыш органның қызметі, оның нәтижелері мен қаржылық-банк жүйесіндегі кері әсерлері үшін Ұлттық банкінің төрағасы мен оның орынбасарларына жекелей жауапкершілікті күшейту.
  Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банк басшылығына қаржы жүйесі мен республикадағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша ұжымдық және жекелей жауапкершілікті арту қажет. Ал ҚР Ұлттық банкінің қызметі мен беделіне заңмен бекітілген функциялармен емес қызметті атқарып жатқан кейбір тұлғалардың менмендігі мен әрекеттері әсер етпеуі тиіс.   «Рейтинг.kz» зерттеу агенттігі сенімділік, клиентке бағыттаушылық пен әлеуметтік жауапкершілік бойынша Ұлттық банк пен республиканың басқа да банк ұйымдарының жұмысына мониторинг жүргізуді жалғастырады.  

ӘДІСТЕМЕ

  ҚР Ұлттық банк төрағаларының кәсіби және іскерлік қасиеттерін бағалау үшін 9 негізгі өлшемдер алынды.   Зерттеу нәтижелері орташа балдарды анықтау арқылы SPSS бағдарламасымен есептелді.   Көрсетілген әрбір саясаткерлердің мүмкіндіктерін бағалау үшін 7 балдық жүйе («1» - ең төмен, «7» -ең жоғары) қолданылды. Аталмыш тұлғалардың мүмкіндіктеріне әсер ететін факторларды сараптау үшін 9 балдық жүйе («1» - ең төмен, «9» -ең жоғары) арқылы жүргізілді.   ҚР Президентінің ықтимал мұрагерлерінің жалпы рейтингісін есептеу үшін зерттеу нәтижелеріне арифметикалық амалдар (қосу мен орташа арифметикалық балдарды шығару арқылы «салмақтар») қолданылды.   Сарапшылардың бағалары бойынша өлшемдер былай орналасты:  

Өлшемдер

Орташа балл

Кәсіби қасиеттер (білімі, басшылық тәжірибесі және т.б.)

7,28

Қазақстанның қаржылық-банк жүйесін дамытудағы жекелей үлесі

7,06

Қабылданған шешімдер үшін өзіне жауапкершілікті алу қабілеті

6,84

Ұлттық банк жұмысын ұйымдастыру

6,68

Дағдарысқа қарсы басқару қабілеттері

6,24

Кәсіби ортадағы беделі (қаржыгерлер мен банкирлер арасында)

6,18

Қазақстандық элитасындағы мойындалуы мен орны (қызмет уақытында)

4,94

Халық арасындағы мойындалуы мен сенімі (қызмет уақатысында)

4,6

Келешегі бар

4,5

  Сөйтіп, сипаттамалардың алғашқы үштігіне мынадай өлшемдер кірді:
  • Кәсіби қасиеттер (білімі, басшылық тәжірибесі және т.б.)  - (7,28 балл);
  • Қазақстанның қаржылық-банк жүйесін дамытудағы жекелей үлесі - (7,06 балл);
  • Қабылданған шешімдер үшін өзіне жауапкершілікті алу қабілеті - (6,84 балл).
  Әрине, бас қаржы институтының кәсіби біліктілігі аталмыш тұлғаның қызметінде үлкен рөл атқарады. Және оған тапсырылған мемлекеттік саясаттағы жағдайға әсер ету мүмкіндігі бар.   Қазақстанның қаржылық-банк жүйесін дамытудағы жекелей үлесі тек оның мемлекет алдындағы атқарған жұмысы мен рөлін ғана көрсетпейді. Оған қоса, бұл өлшем  оның кәсіби деңгейі және республиканың қаржылық-банк жүейсін дамытудағы тікелей атсалысуы мен өз қызметіндегі оң нәтижелерге жетуге мүдделі екендігін көрсетеді.   Ұлттық банктің ақша-несие саясатты жүргізудегі және ақша, несие мен банк жүйесін қамтамасыз етудегі маңыздылығын ескере отырып, бірінші басшының жекелей жауапкершілікті алу факторы, тіпті кәсіби қасиеттерден де аса маңызды.   Қарастырылған өлшемдердің тізімін келешегі бар (мансаптық өсуі) аяқтайды (4,5 балл). Бұл болашағын айқындайтын фактор болып табылады. Бұл өлшем ҚР Ұлттық банкінің төрағасының тікелей қызметінің нәтижесін көрсетпейді, тек болашаққа бағытталады. Бірақ та кейбір аталмыш органның экс-төрағаларының қызметтік тізіміне қарай отырып, мансаптық өсуі соңғы атқарған қызметіндегі нәтижелерге байланысты екенін байқауға болады.

 www.qazaquni.kz