Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

1
2396

 

Алматы қаласы         31.05.2013                                                                                                         

 31-мамырда сағат 10.00-де Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы Алматы облысы Талғар ауданындағы Жаңалық елді мекенінде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған республикалық іс-шараға қатысты.

Алашорда белсенділері мен саяси қуғын-сүргін көрген қандастарымыз 1937-38 жылдары атылған орынға арнайы салынған мемориалдық-кешенінде салтанатты «Азалы жиынға» барып тағзым етілді. Құран шығарылып, құрбан шалынып 1500 адамға ас берілді. Алматы облыстық әкімдігі, Алматы қалалық әкімдігі, Жазушылар Одағы, «Әділет» саяси қуғын-сүргін ұйымы, «Саяси құғын сүргін қауымдастығы», Желтоқсандықдар ұйымдары қатысқан іс-шара айтарлықтай дәрежеде өтті.

Алматы облыстық мәслихат хатшысы Ермек Келемсейіт, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолова, әйгілі ақын, қоғам қайраткері Мұқтар Шаханов, Саяси құғын сүргін қауымдастығының төрағасы Жұмабек Ашуұлы, «Желтоқсан ақиқаты» қоғамының төрағасы Бейсенғазы Сәдуұлы, «Арыс» баспасының басшысы Ғарифолла Әнес және т.б. өз сөздерінде зұлмат жылдардың салған ауыр қайғысы мен оның сабақтарын сөз етті.

Саяси партиялардан тек кеше ғана   Саяси құғын сүргін құрбандарын еске алу күніне парламент бойынша жалғыз депутаттық сауал жасаған «АҚ ЖОЛ» партиясы ғана қатысып, ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.  «Ақ жол»  партиясының төрағасы  орынбасары, ақын  Казыбек Иса, белгілі тележурналист  Нұрлан Әбдібеков, Алматы қалалық филиалының төраға орынбасары Мақсат Жақау,   «Әділет» саяси қуғын-сүргін ұйымының төрағасы , жазушы Бейбіт Қойшыбай жиналған дүйім жұртқа жүздеген мың жазықсыз жандардың және репрессияға ұшырап, қуғындалып келген басқа этностардың мекеніне айналғанын, сұрапыл зұлматты басынан кешкен біздің халқымыздың оларды сұмдық жұттан, адамдарды қынадай қырған ашаршылықтан құтқарғанын әрдайым есте сақтау керектігін айтты.

Ең бастысы тек қазаққа керек АЛАШ МҰРАСЫН ИСІ ҚАЗАҚ БАЛАСЫ ҰМЫТПАЙТЫНДЫҒЫН ТАНЫТТЫ…

 

«АҚ ЖОЛ» ҚДП Алматы қалалық филиалы

www.qazaquni.kz

 

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз