Астанада Есіл өзенінен ер адамның мәйіті шығарылды
2026 ж. 31 қазан
50
0
Астанада Есіл өзенінен ер адамның мәйіті шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды. Кадрларда «Мадрид» тұрғын үй кешенінің тұсына қарама-қарсы жерден мәйітті судан шығарып жатқанын көруге болады.
Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде мәйіттің табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Қаза тапқан адамның жеке басы анықталды. Ол – елорда тұрғыны, 54 жастағы ер адам.
«Зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады», – деп мәлімдеді полиция.