Қарағанды облысында дін мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті
2026 ж. 06 қазан
78
0
Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 21-25 қыркүйек күндері Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аталған кездесу жұмыстарының мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады.
Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 500-ден астам адам қамтылды.

Аталған іс-шараға: Шакимова Лола Сергеевна – психолог-сарапшы, ғылыми-сарапшылық қоғамдастық пен Үкіметтік емес ұйымдардың өкілі, Романова Адия Төлегенқызы - дінтанушы, «Қамқор-Астана» ҚҚ-ның ақпараттық түсіндіру жұмыстары бөлімінің басшысы , Сүлейменов Жандәулет Отарбайұлы - теолог, "SAPSAN" стратегиялық орталығының директоры, Полтаренко Дмитрий Сергееевич – кәсіби медиатор, Қарағанды облысының Азаматтық альянсы Президенті, «Қазақстан азаматтары» ҚБ жобаларды үйлестіруші-директоры секілді дін мәселелері бойынша Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.
Түсіндіру тобының мүшелері халық арасында «Жастар арасында медиа сауаттылықты арттыру», «Қоғамдағы дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтары», «Ұлттық құндылықтар – ел болашағы» (зайырлылық, толеранттылық, бірлік, жауапкершілік, адамгершілік), «Радикалды діни ағымдардың қоғамға тигізер зардабы», «Теріс идеологияға қарсы сыни-ойлау дағдыларын қалыптастыру», «Зайырлы мемлекет: заң, ұғым және қағидаттар», «Интернет желісіндегі күмәнді сайтардың қаупін түсіндіру» және т.б тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында мектеп оқушылары, түзету мекемесінде жазасын өтеушілер, әскери қызметкерлер, спортшылар мен жаттықтырушылар және т.б. тұрғындар қамтылды.