Қазақстан World Cleanup Day акциясына қосылады
2026 ж. 18 қыркүйек
36
0
19 қыркүйекте World Cleanup Day-ге орай Қазақстанның барлық аймақтарында ауқымды экологиялық іс-шаралар өтеді.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында ел тұрғындары, еріктілер, жастар, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және бизнес өкілдері қалаларымыз бен табиғи аумақтарымызды таза ету үшін бірігеді.
Бұл күні ел бойынша қоғамдық және табиғи аумақтарды, жағалауларды, саябақтарды және басқа да қалдықтарды тазарту бойынша іс-шаралар өткізіледі.
World Cleanup Day тек тазалау ғана емес. Бұл қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды жеке көрсету және өз Отаныңыздың тазалығын сақтауға үлес қосу мүмкіндігі.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі барлығын World Cleanup Day-ге қосылуға шақырады!
19 қыркүйекте бізге қосылыңыз!
Қарапайым нәрседен бастайық - тұратын жерімізді тазалаудан.
Таза Қазақстан әрқайсымыздан басталады!