Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды
2026 ж. 03 қыркүйек
29
0
Дәурен Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
— Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
Өмірбаяны
Авиация генерал-лейтенанты (05.06.2024)
Үшаралдағы истребительдік полкта қызмет атқарған
Талдықорғанда «Су-27» эскадрильясының командирі
Қарағанды авиация базасының штаб бастығы
Шымкент авиация базасының командирі
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы (05.07.2013–09.2019)
Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтының директоры (10.2019–29.12.2022)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы (29.12.2022–30.09.2024)
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары — Қарулы Күштердің Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы (30.09.2024–08.06.2025)
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі (08.06.2025 бастап)