Құрылтай төрағасының орынбасары болып «Ақ жол» лидері Дания Еспаева сайланды

Құрылтай төрағасының орынбасары болып «Ақ жол» лидері Дания Еспаева сайланды

Бүгін Құрылтайдың жалпы отырысында жоғары заң шығарушы орган төрағасы Айбек Дәдебайдың үш орынбасары сайланды.

Құрылтай төрағасының орынбасары болып, бұл лауазымға білікті экономист, банк секторында көп жылдар бойы басшылық қызмет атқарған, Парламенттің соңғы шақырылымдарында Мәжіліс төрағасының орынбасары болған "Ақ жол" Демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева сайланды.

Жаңа қызметімен Дания Мәдиқызын шын жүректен құттықтап, Құрылтай төрағасының орынбасары ретіндегі жауапты жұмысында толағай табыс тілейміз!

Сонымен қатар, Құрылтай төрағасының орынбасарлары болып Нұрлан Бекназаров, Динара Закиева сайланды.

Тұңғыш Құрылтайға Ақ жол тілейміз!