"Ақжолдықтар" әйгілі Арыстанбаб пен ұлы ақын Мұхтар Шаханның рухына тағзым етті
2026 ж. 21 тамыз
71
1
«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева бастаған партия өкілдері Түркістан өңіріндегі қасиетті мекендердің бірі – Арыстанбаб кесенесіне арнайы барып, баба рухына тағзым етті.
Қазақ халқының рухани жадында Арыстанбабтың орны айрықша. «Мәдинада – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет, Маңғыстауда – Пір Бекет, баптардың бабы – Арыстанбаб» деген тағылымды сөз де бабаға деген халық құрметінің тереңдігін аңғартады. Түркі әлемінің рухани ұстазы, Әзірет Сұлтан Қожа Ахмет Ясауидің пірі болған Арыстанбабтың кесенесі ғасырлар бойы ел арманын арқалап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан зиярат пен тағзымның қасиетті мекеніне айналды.

Дания Еспаева мен партия мүшелері киелі мекенге ат басын тіреп, ата-баба дәстүріне тағзым етті. Зиярат барысында құрбандық шалынды. Партия өкілдері еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығын, жеріміздің тұтастығын, халқымыздың амандығы мен елдің ырыс-берекесін тілеп, дұға жасады.

Сапар барысында партия өкілдері қазақтың ұлы ақыны, көрнекті қаламгер Мұхтар Шахановтың басына да барып, Құран бағыштады. Ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан ақынның рухына тағзым етіп, оның мәңгілік мұрасына құрмет көрсетті.



Киелі Түркістан төріндегі бұл сапар – өткенге тағзым, рухани мұраға құрмет және елдің ертеңіне деген ақ тілек тоғысқан мәнді қадам болды. Басты тілек – еліміз аман, жұртымыз тыныш, жеріміз тұтас, халқымыздың берекесі мен бірлігі баянды болсын деген ізгі ниет.
"Ақ жол" партиясының сайлауалды штабы есебінен төленген