ҚАРАТӨБЕДЕН АСТАНАҒА: АСЫЛБЕК АЙБОЛАТОВ ЕЛ АМАНАТЫН «АҚ ЖОЛҒА» ЖЕТКІЗДІ
2026 ж. 10 тамыз
34
0
Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданынан велосипедпен жолға шыққан ұстаз Асылбек Айболатов мыңдаған шақырымды еңсеріп, Астана қаласына жетті.
Қаратөбеден басталған велосапар Ақтөбе, Қостанай және Көкшетау арқылы елордаға дейін жалғасты. Бұл сапар спорттық бастамамен қатар, өңір тұрғындарымен тікелей кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелерін жинауға бағытталды.
Жол бойында Асылбек Айболатов елді мекендерге арнайы аялдап, тұрғындармен кездесті. Азаматтарға «Ақ жол» Демократиялық партиясының негізгі бастамалары мен ұстанымдарын таныстырып, халықты толғандыратын мәселелерді, ұсыныстар мен тілектерді жинақтады.

Астанаға келген Асылбек Айболатовты «Ақ жол» Демократиялық партиясының елордалық филиалы мен Жастар кеңесінің өкілдері қарсы алды. Велосапар барысында тұрғындардан жиналған ұсыныстар мен өтініштер партия басшылығына табысталды.
Партия төрағасы Дания Еспаева бұл бастаманың халықпен тікелей байланысты нығайтудағы маңызын атап өтті.
«Кабинетте отырып, адамдардың мұң-мұқтажын толық білу мүмкін емес. Сіз халықтың үнін тікелей жеткізіп отырсыз. Бұл ұсыныстар біз үшін өте маңызды және міндетті түрде партия жұмысында ескеріледі», – деді Дания Еспаева.

Партия төрағасы Асылбек Айболатовтың бастамасын азаматтық белсенділік, табандылық пен жауапкершіліктің үлгісі ретінде жоғары бағалады. Оның елді мекендерді аралап, тұрғындармен тікелей кездесуі қоғам мен саяси партия арасындағы байланысты нығайтудың нақты көрінісі екеніне тоқталды.
Кездесу барысында Асылбек Айболатов «Ақ жол» Демократиялық партиясының қатарына ресми түрде қабылданды. Партия төрағасы Дания Еспаева оның белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс білдіріп, партиялық билетті жеке өзі табыстады және алдағы қоғамдық-саяси қызметіне табыс тіледі.
Осылайша, велосапар барысында партияның ұстанымдарын халыққа жеткізіп, азаматтардың ұсыныс-тілектерін жинаған Асылбек Айболатов енді бұл бағыттағы жұмысын «Ақ жол» Демократиялық партиясының мүшесі ретінде жалғастырады.
Мыңдаған шақырымға созылған велосапардың басты нәтижесі – өңір тұрғындарының үні мен ұсыныстары партия басшылығына тікелей жеткізілді. «Ақ жол» Демократиялық партиясы азаматтардан түскен мәселелер мен бастамаларды зерделеп, оларды алдағы жұмысында ескеретін болады.
"Ақ жол" партиясының сайлауалды штабы есебінен төленген