«Байтақ» партиясының кандидаты өрт сөндірушілермен кездесті
2026 ж. 28 шілде
92
0
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Нариман Баубек Астана қаласындағы №6 өрт сөндіру бөліміне барып, жеке құраммен кездесті.Ол өлім мен өмір үшін күресіп жүрген кәсіп иелеріне жасылдар партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Оның айтуынша, бағдарлама жасыл экономиканы дамытуға, экологиялық қауіпсіздікті нығайтуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Өзін таныстырған Нариман Баубек мұғалім мен әскери қызметкердің баласы екенін, отбасыда тәртіпке ерекше мән бергенін айтты. Ол 23 тамызда өтетін сайлау қазақстандықтар салғырт қарамаса деген пікірде. Өйткені бұл саяси науқан әрбір азамат үшін маңызды деді.