«Ақ жол» партиясының сайлау алдындағы конференциялары Алматыда жалғасты
2026 ж. 03 шілде
51
0
2026 жылдың 2 шілдесінде Алматы қаласында «Ақ жол» демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалының конференциясы өтті. Күн тәртібіндегі басты мәселе – 5 шілдеде Астана қаласында өтетін «Ақ жол» демократиялық партиясының съезіне қатысатын делегаттарды бекіту болды. Конференция барысында «Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы Асқар Бисқұлтанов жиналғандарды жаңа Конституцияның күшіне енуімен құттықтап, «Ақ жол» демократиялық партиясының ресми мәлімдемесін жариялады. Конференция қорытындысы бойынша съезге қатысатын делегаттардың тізімі бекітілді:
1. Ерлан Хайланұлы Барлыбаев
2. Олжас Елтайұлы Нуралдинов
3. Аскар Кұандықұлы Бискультанов
4. Аскат Рахимжанұлы Кабашев
5. Азамат Жеткенович Киялбаев
6. Оксана Александровна Сорокина
7. Ханза Зейнуллаұлы Насурллаев
8. Дильназ Азизқызы
9. Чингиз Сакаевич Шашкин
10. Константин Николаевич Логутов
11. Ержан Алмабекұлы Бейсембаев
12. Сакен Сатвалдиевич Сартбаев
13. Айбек Ерболатұлы Сатылганов

Сондай-ақ, конференцияда «Ақ жол» демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің шешімімен Данияр Бектановқа бала өмірін сақтап қалғаны үшін «Адам құтқарғаны үшін» медалі табысталды.

Маусым айының басында Алматыдағы көпқабатты үйдің кіреберісінде Данияр Бектанов бір жарым жасар баласына көмек сұрап айқайлаған ананың даусын естиді. Сәбидің дене қызуы көтеріліп, құрысу (судорога) ұстамасы басталғандықтан, оның тыныс алуы қиындаған. Данияр еш ойланбастан алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем келгенше реанимациялық шараларды жүргізді. Оның ерлігі мен батылдығын бағалай отырып, партияның Алматы қалалық филиалы Данияр Бектановты «Адам құтқарғаны үшін» медалімен марапаттап, партия атынан 500 000 теңгелік сертификат табыстады.

Бұған қоса, «Ақ жол» демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы Асқар Бисқұлтанов «Ақ жол» партиясының Алматы қалалық Мәслихатының депутаты, «Tas Group» холдингі мен «AssylTas» қоғамдық қорының негізін қалаушы Дулат Тәстекеевке жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға дайындық жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын салтанатты түрде табыс етті.